Теннис

Теннис: Қазақстандық жұп Хорватиядағы турнирдің ширек финалына шықты

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Қазақстандықтар Александр Недовесов пен Андрей Голубев Хорватиядағы Задар челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, осы доданың 1-ракеткасы болып тіркелген А.Недовесов пен А.Голубев бастапқы кездесуін италиялықтар Марко Бортолотти – Алессандро Джаннесимен өткізді.

 

Қазақстандық жұп 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Олар 1 сағат 8 минутқа созылған бәсекеде екі мәрте брейк жасай білді.

 

А.Недовесов пен А.Голубев жартылай финалға шығу үшін босниялық Томислав Бркич – хорватиялық Нино Сердарушич немесе чехиялық Вит Коприва – испаниялық Николас Санчес жұптарының қай жеңгенімен таласады.

 

Жүлде қоры 44820 еуроға бағаланған Задар додасы 27 наурызда мәреге жетеді.

 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің Майами турниріндегі қарсыластары анықталғанын, А.Бублик пен М.Кукушкиннің кіммен ойнайтыны белгілі болғанын, сондай-ақ Зарина Диястың әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасын ұтқанын жазған едік.

 

 

 




Көрілген: 373    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.03.2021, 16:00

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31