Теннис

Теннис: М.Кукушкин Майами турнирінің екінші айналымына шықты

  • Теннис: М.Кукушкин Майами турнирінің екінші айналымына шықты

    Теннис: М.Кукушкин Майами турнирінің екінші айналымына шықты

Майами қаласында (АҚШ) теннистен өтіп жатқан ірі халықаралық турнирде Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин екінші айналымға шықты.


 


Тікелей спорттық көрсетілім арқылы мәлім болғанындай, М.Кукушкин бастапқы кездесуінде америкалық Брайан Бэйкерді 6:4, 6:2 есебімен жеңді. Матч барысында қазақстандық теннисші шебер ойын өрнегін көрсете білді. Екінші партияда есеп 5:1 болып тұрған сәтте Михаил өзі доп бергенде, матч-пойнтты пайдалана алмады. Дегенмен осыдан кейін америкалық теннисші доп бергенде, М.Кукушкин төртінші матч-пойнтты өз есебіне жазып, тартысты бәсекені брейкпен аяқтады.


М.Кукушкин жүлде қоры 7 млн. АҚШ долларынан асатын жарыстың екінші айналымында осы турнирдің 30-ыншы ракеткасы, бразилиялық Томас Беллуччимен күш сынасады.


Еске сала кетейік, М.Кукушкин іріктеу сайыстарының финалында тағы бір бразилиялық Жоао Соузаны 6:4, 7:6 есебімен тізе бүктіріп, негізгі турнирге жолдама алған болатын.


Майами турнирінің әйелдер арасындағы жарысында (жүлде қоры - 6,1 млн. астам АҚШ доллары) екінші айналымға Қазақстаннан Зарина Дияс қана өткен болатын. Ол бүгін турнирдің 31-інші ракеткасы, австралиялық Дарья Гавриловамен кортқа шығады.


 


Автор: Елжан Ералы

 


inform.kz/kaz/article/2884930




Көрілген: 1454    Пікірлер: 0

жұма, 25.03.2016, 13:43

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31