Теннис

ТЕННИС: Ролан Гаррос турнирінде қазақстандықтардың қарсыластары белгілі болды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

 Париж қаласында 22 мамыр - 5 маусым аралығында өтетін Ролан Гаррос турнирінде қазақстандықтардың қарсыластары белгілі болды.


Чемпионат.ком сайтының хабарлауынша, әйелдер арасындағы жарыста Қазақстаннан төрт бірдей спортшы бақ сынамақ. Атап айтқанда, Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева бірінші айналымда канадалық Александра Вознякпен күш сынасады. Ярослава Шведоваға күштірек қарсылас тап болды. Ол бұрынғы отандасы, ресейлік, осы турнирдің 13-інші ракеткасы болып тіркелген Светлана Кузнецовамен кортқа шығады. Зарина Дияс германиялық Карина Виттефтпен, ал Галина Воскобоева қытайлық Чжан Шуаймен шеберлік байқасады.


Ерлер арасындағы бәсекеге Қазақстаннан жалғыз Михаил Кукушкин қатыспақ. Ол бірінші айналымда франциялық Адриан Маннариномен кездеседі.


Айта кетейік, Ролан Гаррос жарысы - әлем чемпионатымен тең болып есептелетін төрт «үлкен дулыға» турнирінің бірі.


ҚазАқпарат




Көрілген: 1341    Пікірлер: 0

сенбі, 21.05.2016, 10:28

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30