Теннис

Теннис: З.Дияс пен Я.Шведова алғашқы қарсыластарын ұтса, өзара кездеседі

  • Теннис: З.Дияс пен Я.Шведова алғашқы қарсыластарын ұтса, өзара кездеседі

    Теннис: З.Дияс пен Я.Шведова алғашқы қарсыластарын ұтса, өзара кездеседі

Мельбурн қаласында теннистен биылғы «үлкен дулыға» турнирінің біріншісі - Австралия ашық чемпионатының жеребесі тасталды.

Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Қазақстанның бірінші, әлемнің 52-інші ракеткасы Зарина Диясқа осал қарсылас түскен жоқ. Ол өзінен екі жас кіші болса да, осы турнирдің 15-інші ракеткасы болып тіркелген американдық Мэдисон Киспен шеберлік байқасады. Ал әлемнің 71-інші ракеткасы Ярослава Шведова өзінің құрдасы, 28 жасар болгариялық Цветана Пиронковамен кортқа шығады. Егер қазақстандық теннисшілер қарсыластарын ұтса, екінші айналымда өзара кездеседі. Тағы бір қазақстандық, рейтингте 78-інші сатыда тұрған Юлия Путинцева кезінде әлемнің бірінші ракеткасы болған, осы жарыста 16-ыншы болып тіркелген даниялық Каролина Возняцкимен күш сынасады.


Ерлер арасындағы бәсекеде Қазақстанның бірінші, әлемнің 63-інші ракеткасы Михаил Кукушкин осы турнирде 32-інші болып тіркелген португалиялық Жоау Соузамен кездеседі. Оған қоса іріктеу сайыстарынан өтсе, тағы бір қазақстандық Александр Недовесов та негізгі турнирде өнер көрсетеді.


Айта кетейік, өткен жылғы Австралия біріншілігінде Қазақстанның басты үміті Зарина Дияс поляк қызы Урсула Радваньска мен словакиялық Анна Шмидлованы ұтып, үшінші айналымда атышулы ресейлік Мария Шараповаға есе жіберген болатын.


 


 


Автор: Елжан Ералы 


inform.kz/kaz/article/2860173




Көрілген: 1090    Пікірлер: 0

жұма, 15.01.2016, 12:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31