Теннис

Теннисшілеріміз 22-орынды сақтап қалды

  • Теннисшілеріміз 22-орынды сақтап қалды

    Теннисшілеріміз 22-орынды сақтап қалды

Қазақстанның әйелдер құрамасы Федерация кубогының жаңартылған рейтингінде 22-орынды сақтап қалды, - деп хабарлайды "Алаш айнасы" интернет-порталы Халықаралық теннис федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Өткен аптада біздің қыздар Қытай жерінде өткен Азия-Тынық мұхиты аймағы құрамалар арасындағы теннистен Федерация кубогінің топтық кезеңінде қарсылас шақ келітрмей, бірінші орын алған еді. Бірақ, өкінішке қарай, шешуші сайыста Қазақстан құрамасы жапон қыздарынан жеңіліп, Fed Cup додасының бүкіләлемдік плей-офф сатысына шыға алмайды қалды. Десек те, бұл сәтсіздік біздің құраманың рейтингтіне теріс әсер ете қойған жоқ. Халықаралық теннис федерациясының ресми сайтының жаңартылған рейтінгі бойынша Қазақстан 22-орында сақтап тұр. Бұл көрсеткішпен біздің бұрымдылар келер жылы да Федерация турнирінің топтық кезеңінде өнер көрсете алады.

Ал, бұл бәсекеде біздің қыз­дар­дың жолын бөгеген Жапония құрамасы үш сатыға жоғарылап, қазір 15-орынды иеленуде. Егер «Күншығыс елінің» құрамасы плей-оффқа кезеңінде сәтті өнер көрсететін болса, үздік ондықтың қатарына еніп қалуы әбден мүмкін.

Әйелдер арасында ең үздік команда – Чехия құрамасы. Чех қыздарының еншісінде 27355 ұпай бар. Екінші орында 17025 ұпайы бар Италия құрамасы тұрса, үздік үштікті 16475 ұпаймен Германия құрамасы түйіндеп тұр. Сондай-ақ үздік ондықтың қатарында Ресей, Франция, Австралия, Сербия, Польша, Канада және АҚШ құрамалары еніп отыр.    

Автор: Уалихан Қосанбай




Көрілген: 1220    Пікірлер: 0

жұма, 13.02.2015, 08:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30