Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Уимблдон: Александр Бубликтің келесі қарсыласы белгілі болды

08 шілде 2023, 09:11

Қазақстанның бірінші, әлемнің 26-ракеткасы Александр Бубликтің Уимблдонның төртінші айналымындағы қарсыласы белгілі болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші әлемнің 7-ракеткасы, ресейлік Андрей Рублевпен ширек финалға шығу үшін таласады.

 

Қос спортшы бір-бірін жасөспірім кезінен жақсы біледі. Осыған дейін олар бес рет кездесіп, соның үшеуінде А.Рублев, екеуінде А.Бублик жеңген.

 

Қазақстандық спортшы жуырда Галле (Германия) ATP 500 турнирінің финалында ресейлікті 6:3, 3:6, 6:3 есебімен ұтқан еді.

 

А.Рублев Уимблдон жарысының үшінші айналымында рейтингте 123-орында тұрған бельгиялық Давид Гоффенді үш сағаттан астам уақытқа созылған матчта 6:3, 6:7 (6:8), 7:6 (7:5), 6:1 есебімен жолдан тайдырды.

 

А.Бублик пен А.Рублев 9 шілде күні ширек финал жолдамасын сарапқа салады.

 

Александр Бублик төртінші айналымға шыққаны үшін 207 мың фунт стерлинг (118 млн-дай теңге) табыс тапты.

 

Сенбі күні Қазақстанның әйелдер арасындағы бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина үшінші айналымда рейтингте 89-сатыдағы ұлыбританиялық Кэти Бултермен ойнайды. Мұнда жергілікті жанкүйерлер арасында корт иесінің барын салары сөзсіз.

 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Уимблдонда Елена Рыбакинаның екінші жеңісіне қол жеткізгенін жазған болатынбыз.

 

Сондай-ақ Тимофей Скатов Германиядағы жарыстың жартылай финалына шықты.

 

Ал Александр Бублик алғаш рет Уимблдонның төртінші айналымына өтті.

 

Қазақстандық жас теннисшілер Тегерандағы доданың финалында.