Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Уимблдон: Елена Рыбакина төртінші айналымға шықты

09 шілде 2023, 09:45

Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің төртінші айналымына шықты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Лондонда өткен жылғы атағын қорғап жатқан қазақстандық теннисші үшінші айналымда Ұлыбританияның бірінші, әлемнің 89-ракеткасы Кэти Бултермен шеберлік байқасты.

 

Бұл қос спортшының алғашқы кездесуі еді. К.Бултер өз елінде өнер көрсетіп жатқандықтан, барын салатыны әрі жергілікті жанкүйерлердің оны жақтайтыны түсінікті болатын.

 

Лондонда тағы да жаңбыр жауғандықтан, орталық корттағы матчтың өзі уақытынан әлдеқайда кешігіп басталды.

 

Бірінші партияда брейк жасаған Елена 3:1 есебімен алға кетті. Тағы бір брейк – 5:1. Сосын өз геймін қиналмай алды – 6:1.

 

Рыбакина екінші сетті де брейкпен бастады – 2:0. Ақыры матчты кезекті брейкпен тәмамдады – 6:1.

 

Бір сағатқа жуық уақытқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 7 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды.

 

Елена Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемнің 13-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен таласады.

 

Е.Рыбакина үшін бразилиялық теннисші өте қолайсыз қарсылас. Биыл Әбу-Дабиде Беатрис 3:6, 6:3, 6:2 есебімен басым түсті. Сондай-ақ Штутгартта 6:1, 3:1 есебімен басым тұрғанда, Рыбакина бәсекені жалғастырудан бас тартты.

 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтік алғаш рет Уимблдонның төртінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.

 

Сондай-ақ Александр Бубликтің келесі қарсыласы белгілі болды.

 

Михаил Кукушкин АҚШ-тағы жарыстың жартылай финалына жолдама алды.

 

Жас теннисші Даниал Рахматуллаев Тегерандағы турнирдің чемпионы атанды.

 

Тимофей Скатов Германиядағы жарыстың финалына шыға алмады.

 

Қазақстан теннис федерациясы