Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Уимблдон: Елена Рыбакинаның екінші айналымдағы қарсыласы анықталды

06 шілде 2023, 10:04

Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакинаның Уимблдон турниріндегі екінші қарсыласы анықталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Әлемнің 47-ракеткасы, Франция өкілі Ализе Корне бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 127-орында тұрған жапониялық Нао Хибиномен өткізді.

 

Жаңбырға байланысты бір күн кейінге қалдырылған матчта А.Корне 6:2, 6:2 есебімен оңай жеңіске жетті. Бір сағаттан сәл астам уақытқа созылған бәсеке барысында ол 2 эйс жасап, 5 брейк-пойнтты түгел пайдаланды. Қарсыласы 1 эйс, 1 брейктен аса алмады.

 

Е.Рыбакина – А.Корне матчы 6 шілде күні өтетін болады.

 

Лондонда жаңбырдың жиі жаууы кестеге өзгерістер енгізіп жатыр. Сол себептен Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші, әлемнің 26-ракеткасы Александр Бублик пен рейтингте 48-сатыдағы америкалық Джеффри Джон Волфпен кездесуі 6 шілдеге қалдырылды.

 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Роджер Федерердің Елена Рыбакинаның жеңісіне қол соққанын жазған болатынбыз.

 

Уимблдонда Юлия Путинцева қарсыласына жол берді.

 

Сондай-ақ Михаил Кукушкин АҚШ-тағы турнирді сәтті бастады.

 

Тимофей Скатов Германиядағы турнирдің ширек финалына шықты.