Теннис

Ю.Путинцева Чарльстон турнирінің үшінші айналымына шықты

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Қазақстанның бірінші, әлемнің 61-інші ракеткасы Юлия Путинцева АҚШ-тың Чарльстон қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирдің үшінші айналымына шықты.


Сhampionat.com сайтының хабарлауынша, Юлия екінші айналымда осы турнирдің 15-інші, әлемнің 51-інші ракеткасы, германиялық Сабина Лисицкиді аса тартысты матчта 7:5, 4:6, 6:3 есебімен тізе бүктірді. Ал дүниежүзілік рейтингте 70-інші сатыда тұрған Ярослава Шведова осы турнирдің бесінші, әлемнің 20-сыншы ракеткасы, атақты италиялық Сара Эрраниға еш қайран қыла алмай, 1 сағат 8 минутта 0:6, 3:6 есебімен жеңіліс тапты.


Чарльстон жарысында Қазақстаннан жалғыз қалған Юлия Путинцева үшінші айналымда америкалық теннисшілер Элисон Риске мен атышулы Серенаның апасы, осы турнирдің 3-інші ракеткасы Винус Уильямстің қай жеңгенімен кездеседі.


ҚазАқпарат

 




Көрілген: 1526    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.04.2016, 09:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31