Теннис

Зарина Диас Дохадағы доданың екінші айналымында сүрінді

  • vesti.kz

    vesti.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс Дохада өтіп жатқан Qatar Open турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп жазады «Алаш айнасы» интернет-порталы.

Жалпы жүлде қоры 731000 АҚШ долларын құрайтын дода 23-ақпан күні басталған болатын. Біздің теннисші бұл бәсекенің бірінші айналымында Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) рейтингінде 127-орында тұрған тунистің 20 жастағы теннисшісі Унс Жабирді 6:3, 6:2 есебімен жеңіп, екінші айналымға шыққан.

Бәсекенің екінші айналымында отадасымыз неміс қызы, әлемнің 10-шы ракеткасы Андреа Петковичпен кездесті. Негізі, Диас пен Петкович осыдан бір апта бұрын Дубайда өткен додада жолыққан еді. Ол кезде қазақстандық теннисшінің мерейі үстем болып, 7:5, 6:3 есебімен ұтқан.

Қатардың бас шаһарында өткен кездесу де қазақстандық теннисші үшін сәтті басталған. Диас бірінші сетте бір рет брейк жасап, 7:5 есебімен ұтты. Бірақ, екінші және үшінші сетте отандасымыздың ойыны жүрмеді. Зарина екінші сетті 2:6, үшінші сетті 4:6 есебімен ұтылып, Дохада өтіп жатқан доданың үшінші айналымына өте алмады.

Бұл Заринаның биылғы маусымдағы төртінші турнирі болатын. Ол бұған дейін Ховартта өткен турнирдің ширек финалына дейін шықса, Австарлияның ашық біріншілігі мен өткен аптада Дубайда өткен турнирдің үшінші айналымына дейін жетті. Енді отандасымыздың үш-төрт күн дем алып алуына мүмкіндігі бар. Содан кейін, яғни келер аптада Диас Малайзияның ашық чемпионатында бағын сынайды.

Автор: Уалихан Қосанбай




Көрілген: 1200    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.02.2015, 08:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31