Теннис

Зарина Диас Римдегі турнирдің екінші айналымында сүрінді

  • wtatour.ru

    wtatour.ru

Қазақстандық теннисші Зарина Диас Римде өтіп жатқан «BNL d’Italia-2015» халықаралық турнирінің екінші айналымында сүрінді. Отандасымыз аталмыш турнирдің екінші айналымда әлемнің алтыншы ракеткасы Эжени Бушардан жеңіліп қалды, деп жазады «Алаш айнасы» интернет-порталы.


Жалпы жүлде қоры 2,43 миллион АҚШ долларын құрайтын доданың бірінші айналымында Зарина болгариялық Цветана Пиранковамен кездесіп, 2:0 (7;5, 6;1) есебімен жеңіске жеткен еді.

Италияның бас шаһары Римде өтіп жатқан турнирдің екінші айналымында отандасымыз әлемнің алтыншы ракеткасы, канадалық Эжени Бушармен кездесті. 1 сағат 26 минутқа созылған матчтың қорытындысы бойынша Диас 0:2 (6:3, 6:4) есебімен жеңіліп қалды.

Енді Зарина Диас 17 мамыр күні Францияның Страсбург қаласында басталатын турнирге қатысады. Ал, Страсбургтегі турнир аяқталған соң ол Үлкен дулыға санатындағы Францияның ашық біріншілігі – «Ролан Гаррос» бәсекесінде бағын сынайды.




Көрілген: 1124    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.05.2015, 10:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30