Теннис

Зарина Диас "Ролан Гаррос" додасының екінші айналымында сүрінді

  • Зарина Диас

    Зарина Диас "Ролан Гаррос" додасының екінші айналымында сүрінді

Талантты теннисші қызымыз Зарина Диас "Ролан Гаррос" турнирінің екінші айналымында ұтылып қалды, деп жазады "Алаш айнасы".


Теннистен "Ролан Гаррос" (Roland Garros) турнирінің жеребесі тартылғанда, Заринаның кездесетін қарсыластарына қарап, қатты қуанғанбыз. Өйткені төртінші айналымға дейін әйгілі теннисші қыздардың ешқайсысымен жолы түйіспейтін еді. Сондықтан биылғы "Ролан Гаррос" додасының үш сатысынан аса қиналмай өтуі керек деп, асыға күткенбіз...


Алайда, іс жүзінде олай болмады. Әйелдер арасындағы әлемдік рейтингте 32-орында тұрған Зарина өзінен әлдеқайда төмен тұрған теннисші қыздан ұтылып қалды. Әлемнің 93-ракеткасы, Бельгия теннисшісі Алисон ван Уйтванкпен бір жарым сағатқа созылған матчта жеңілістің кермек дәмін татты.


Негізі, Зарина бұл ойынды өте жоғары қарқында бастаған еді. Бірінші сетте 6:0 есебімен үстемдік танытты. Бірақ бұдан кейін 1:6 және 4:6 есебімен ұтылып қалып, "Ролан Гаррос" турнирінің әйелдер арасындағы додасынан тыс қалды.

Ал бағы жанып, қазақ қызынан айласын асырған Алисон ван Уйтванк үшінші айналымда Франция теннисшісі Кристина Младеновичпен кездеседі.


Әйтсе де, Зарина үшін Францияның ашық чемпионаты әлі аяқталған жоқ. Енді Қазақстанның ең үздік теннисші қызы бар күш-жігерін жұптасып өнер көрсету додасына салады. Жұптасып ойнауда Қытай қызы Сюй Ифань мен біздің Зарина бірінші айналымда жеңіске жеткен болатын.


Нақтырақ айтқанда, Зарина Диас және Сюй Ифань алғашқы айналымда Надежда Киченок (Украина) және Йоана Ралука Олару (Румыния) жұбынан 5:7, 7:6(5) және 6:4 есебімен басым түскен-ді. Енді олар Австралия теннисшілері, апалы-сіңілі Анастасия және Арина Родионовалармен ойнайды.


 

Автор: Нұрғазы Сасаев




Көрілген: 1771    Пікірлер: 0

жұма, 29.05.2015, 11:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30