Зарина Диас Штутгардтағы бәсекенің екінші айналымында сүрінді
Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс Германияның Штутгард қаласында өтіп жатқан Porsche Grand Prix турнирінің екінші айналымынан аса алмады, деп жазады «Алаш айнасы» интернет-порталы турнирдің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жалпы жүлде қоры 731 000 АҚШ долларын құрайтын доданы отандасымыз сәтті бастап, бірінші айналымда әлемнің 19-ракеткасы Сабина Лисицкиймен жолығып, 6:0, 6:0 есебімен жеңіске жеткен.
Бірақ, екінші айналымда Диас өткен жылы «Үлкен дулыға» санатындағы «Роллан Гарос» турнирінің жеңімпазы, WTA рейтингінде 15-сатыда орналасқан италиялық Сарра Эрраниден жеңіліп қалды. Есеп – 4:6, 1:6.
Енді Зарина Диас Марокконың Марракеш қаласына аттанады. Ол жақта отандасымыз келер аптада басталатын, жалпы жүлде қоры 250 000 АҚШ долларын құрайтын «Grand Prix SAR La Princesse Lalla Meryem» турниріне қатысады.
Автор: Уалихан Қосанбай