Теннис

Зарина Диас Старсбургтегі турнирдің бірінші айналымында сүрінді

  • ©Getty Images

    ©Getty Images

Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Зарина Диас Францияның Старсбург қаласында өтіп жатқан «Internationaux de Strasbourg » деп аталатын турнирдің бірінші айналымынан аса алмады, деп жазады «Алаш айнасы» интернет-порталы доданың ресми сайтына сілтеме жасап.


Жалпы жүлде қоры 250 000 АҚШ долларын құрайтын доданың бірінші айналымында отандасымыз америкалық ару Алисон Рискпен кездескен болатын. Естеріңізде болса, жыл басында бұл екі теннисші Ховардта өткен турнирде жолығып, ол кезде Заринаның мерейі үстем болған.

Бірақ, Старсбург шаһарындағы турнирде Диас әлемнің 45-ракеткасына ұтылып қалды. Есеп – 7:5, 6:4, 1:6.

Бұл Зарина Диастың биыл бағын сынаған сегізінші ірі турнирі. Отандасымыз көрсеткіші көңілден шығады деп айта алмаймыз. Ол тек жыл басында Қытайда өткен Shenzhen Open турнирінің ширек финалына дейін жетті. Ал, басқа турнирлердің барлығында да екінші айналымнан әрі аспай келеді.

Десек те, Заринаның ұпай түгел. Ол бүгінде Халықаралық әйелдер теннисі қауымдастығы рейтингінде 1375 ұпаймен тізімнің 32-сатысында орналасқан. Диас енді осы аптаның соңына дейін дем алып, келер аптаның басында Францияның астанасы Парижде өтетін «Ролан Гаррос» додасында бақ сынайды.




Көрілген: 1122    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.05.2015, 09:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31