Теннис

Зарина Диас Тайландтағы турнирдің бірінші айналымында сүрінді

  • www.gotennis.ru

    www.gotennis.ru

Теннистен еліміздің бірінші нөмірлі ракеткасы Зарина Диас Тайландтың Паттайя қаласында өткен турнирдің бірінші айналымында жеңіліп қалды, деп жазады 

"Алаш айнасы" интернет-порталы.

Бұл бәсекеге отандасымыз үшінші нөмірлі теннисші болып қатысқан еді. Бірақ, өкінішке қарай, Диас бұл доданың бірінші айналымында словакиялық Даниэль Хантуховаға ұтылып қалды. Есеп: 6:1, 3:6 және 1:6.

Негізі, Зарина Диас словакиялық арумен бірінші рет кездесіп отырған жоқ. Бұл екі теннисші жыл басында Хобартта өткен турнирде жолыққан еді. Ол кезде 7:5, 6:1 есебімен Заринаның мерейі үстем болған.

Жүлде қоры 250 мың АҚШ долларын құрайтын Паттайядағы турнирге Қазақстанның екінші нөмірлі теннисшісі Ярослава Шведова да тіркелген. Бірақ, ол израильдік Шахар Пеерге қарсы болатын кездесуге шықпады. Әзірге Шведованың кортка не үшін шықпағаны белгісіз болып тұр.

Автор: Уалихан Қосанбай




Көрілген: 1226    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.02.2015, 08:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31