Теннис

Зарина Дияс әлемнің үздік он теннисшісінің қатарына қосылуға уәде берді

  • Зарина Диас. ©gotennis.ru

    Зарина Диас. ©gotennis.ru

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс еліміздің президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа әлемнің үздік он теннисшісінің қатарына қосылуға уәде берді, деп жазады «Алаш айнасы» интернет-порталы.

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 8 наурыз - Халықаралық қыз-келіншектер күніне орай әйелдер қауымы өкілдерімен кездесті. Бұл жиында теннистен Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Зарина Дияс та болды. Ол жиын барысында спортқа ерекше көңіл бөліп отырғаны үшін Елбасына алғыс айтып, алдағы уақытта әлемнің үздік он теннисшісінің қатарына қосыламын деп уәде берді.

— Осыдан бірнеше жыл бұрын мен сіздің теннис ойнағаныңызды көрдім. Содан кейін сұхбатыңызды оқыдым. Сіз сол кезде елімізде теннис, гольф және тау шаңғысын кеңінен таныстырып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырдыңыз. Сіз – мен үшін үлгі тұтатын тұлғасыз. Мен бүгінде әлемнің көптеген елдерін аралап жүрмін. Содан көзім жеткені – жастар үшін Қазақстаннан артық ел жоқ. Сіздің сол қолмен жасайтын соққыңыз Рафаель Надальдің стильіне ұқсайды. Мұны мен теннисші ретінде айтып отырмын. Алдағы уақытта тынбай еңбек етіп, Уимблдон турнирін жеңіп, әлемнің он үздік теннисшісінің қатарына қосыламын деп уәде беремін. Барлық жеңістерімді Қазақстанға және Сізге арнаймын, - дейді жиын кезінде сөз алған Зарина Дияс.

Сондай-ақ жиын барысында Зарина Қазақстанның қыз-келіншектерін мерекемен құттықтады.

— Қазақстанның барлық қыз-келіншектерін мерекелерімен құттықтаймын. Отбасыларына амандық, дендеріне саулық тілеймін. Әрдайым биік шыңдардан көрінулеріңізге тілектеспін, - дейді теннисші.




Көрілген: 1488    Пікірлер: 0

жұма, 06.03.2015, 16:15

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30