Теннис

Зарина Дияс мансап жолында алғаш рет миллион долларға қол жеткізді

  • Зарина Дияс мансап жолында алғаш рет миллион долларға қол жеткізді

    Зарина Дияс мансап жолында алғаш рет миллион долларға қол жеткізді

 Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Диястың мансап жолында алған жүлдесі миллион долларға жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz. Ол алғашқы миллионды "Ролан Гаррос" турнирі арқылы тапты.


Қазақстандық теннисші турнирдің алғашқы айналымынан өтіп, екінші айналымда бельгиялық Элисон ван Эйтванкке қарсы өнер көрсетті. Екінші айналымның жүлде қоры 60 мың доллар болды. Осымен, Заринаның жүлде қоры 1 миллион 46 мың долларға жетті. Басқа теннисшілердің жүлделері туралы мына жерден оқи аласыздар.


Еске сала кетейік, Зарина Дияс "Ролан Гаррос" турнирін екінші айналымнан тоқтатты. Қытайлық И Фань Сюй екеуі австралиялық Анастасия және Арина Родионовалардан жеңіліп қалды. Матч 7:6, 3:6, 6:7 есебімен австралиялықтардың пайдасына шешілді. Жекелей өнер көрсетуден Зарина бельгиялық Алисон Ван Эйтванктан жеңіліп қалған болатын. Айта кетейік, ол турнирді жеңіспен бастады. Алғашқы айналымда қазақстандық Германиядан келген Дина Пфиценмайерді жеңді. Матч 6:4, 6:1 есебімен аяқталды.


 

 




Көрілген: 2004    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.06.2015, 17:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30