Теннис

Зарина Дияс Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шықты

  • https://kapital.kz/

    https://kapital.kz/

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Парижде өтіп жатқан Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Дүниежүзілік рейтингте 93-орында тұрған З.Дияс алғашқы айналымда әлемнің 71-ракеткасы, ұлыбританиялық Хитер Уотсонмен кортқа шықты.

 

Қарсыластар бұған дейін өзара екі мәрте кездесіп, бір-бірден жеңіске жеткен. Бірінші партияда Зарина басымдылық танытты – 6:4. Екінші сетте Х.Уотсон алға кетті – 3:1. Дегенмен қазақстандық теннисші таразы басын теңестіре білді – 4:4. Ақыры матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 7:5. Тартысты бәсеке 1 сағат 53 минутқа созылды. З.Дияс екінші айналымда әлемнің 15-ракеткасы, бельгиялық Элиза Мертенс немесе рейтингте 161-сатыдағы, негізгі додаға іріктеу сайыстарынан кейін қосылған аустралиялық Сторм Сандерстің біреуімен шеберлік байқасады.

 

Өткен жылы Франция ашық чемпионатында Зарина Тунис өкілі Онс Жаберге 6:4, 3:6, 1:6 есебімен есе жіберіп, алғашқы айналымнан аса алмаған еді.

 

Биыл О.Жабер тағы бір қазақстандық Юлия Путинцевамен күш сынасады.

 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Ролан Гаррос турнирін жеңіспен бастағанын, Жібек Құламбаеваның Шымкенттегі турнирдің чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.

 

Сондай-ақ Заңғар Нұрланұлы Мажарстанда өткен турнирдің жеңімпазы атанды. М.Кукушкин Ролан Гаррос турнирінің алғашқы айналымынан аса алмады.

 

 

 

 

 




Көрілген: 565    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 31.05.2021, 19:49

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31