Теннис

Зарина Дияс Страсбургте өтіп жатқан турнирдің ширек финалына шықты

  • Reuters©

    Reuters©

Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Зарина Дияс Страсбургте (Франция) өтіп жатқан International дәрежесіндегі турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz порталының тілшісі.


Екінші айналымда қазақстандық теннисші турнирдің жетінші ракеткасын, венгриялық Тимея Бабоштан үш сетте 7:6 (7:2), 4:6, 6:2 есебімен айласын асырды. Кездесу 2 сағат 49 минутқа жалғасты.


Бұл кездесуде Дияс үш рет эйс, төрт екілік қателік жасап, 20 мүмкіндігіне 6 брейк жасады. Бабош болса төрт рет эйс, бес рет екілік қателік және 13 мүмкіндігінен бес брейк істеді.


Айта кетейік, 24 жастағы Дияс WTA рейтингінде 53 орында тұрса, 25 жастағы Бабош 37 сатыға жайғасқан. Екі теннисші осымен екінші рет кездесіп, екеуінде де қазақстандық теннисшінің мерейі үстем болды.


Ширек финалда Дия ресейлік Анастасия Павлюченкова (3) мен Наталья Вихлянцева арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.  




Көрілген: 550    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 23.05.2018, 11:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31