Теннис

Заринаның Серенаға шамасы жетпеді

  • Зарина Дияс

    Зарина Дияс

Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Зарина Диас АҚШ-тың Колифорния штатындағы Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан доданың үшінші айналымынан өте алмады, деп жазады «Алаш айнасы» интернет-порталы доданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Жалпы жүлде қоры 5,3 миллион долларын құрайтын доданың үшінші айналымында отандасымыз әлемнің бірінші нөмірлі теннисшісі Серена Уильямстан ұтылды.

Негізі, Заринаның Халықаралық әйелдер теннисі қауымдастығында (АТР) рейтингі жоғары болғандықтан бұл бәсекенің бірінші айналымынан автоматты түрде өткен болатын. Ал, екінші айналымда еліміздің бірінші нөмірлі теннисшісі хорват қызы Донна Векичпен жолығып, екі сетте 6:3, 6:3 есебімен ұтып үшінші айналымға шыққан.

Бірақ, үшінші айналымда Диастың жолы әлемнің бірінші нөмірлі теннисшісі Серена Уильямспен жолығып қалды. 55 минутқа созылған бұл кездесуде америкалық ару 6:2, 6:0 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті.

Апалы-сіңілі Уильямстардың кішісі де бұл турнирді екінші айналымынан бастап румын қызы Моника Никулескуды 7:5, 7:5 есебімен ұтқан еді. Енді Индиан-Уэлсс турнирінің 1/16 финалында Серена өзінің отандасы Слоан Стивенспен жолығады.

Ал Диас болса енді  23 наурыз-5 сәуірде өтетін АҚШ-тағы Miami Open додасына барады. Одан әрі отандасымыз АКШ-тың Чарльстон қаласындағы Family Circle Cup бәсекесіне қатысуға ниетті.

Автор: Уалихан Қосанбай




Көрілген: 1443    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.03.2015, 09:17

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31