Адам дегеннің қасиетсіз бола салуы бір-ақ сәтте екен-ау

Адам дегеннің қасиетсіз бола салуы бір-ақ сәтте екен-ау

Мен бұл дүниеде барлық нәрсенің шекарасы, шегі, өз нормасы бар деп ойлаймын. Құдай ақы, осыған дейін сол сызықтан аспадым, аспауға тырыстым. Тырыстым емес, кәдімгідей ұят көрдім, шектен тыс қылыққа баруды. Аш қалып, көштен қалсам да. Әйтпесе, маған да қанша адамның жақсылығы өтті. Қанша адамнан көмек сұрадым, қарызға ақша да сұрадым, адам болған соң бәрі өтті бастан, өтіп те жүр. Қанша адамның сый-құрметін көрдім. Көлік сыйлағандар да болды. Алғыстың өзін қысылып зорға айттым сол кісілерге. Ал, былайша адамдыққа адамдықпен жауап беруге тырыстым, шамам келгенінше. Солардың ешқайсысы теріс айналып кеткен жоқ, менің алдымда зыр жүгірмедің деп.
Түскі ас ішуге келіп ем. Әріптес бір жігіттің қылығын көріп, денем тітіркенгені сонша, ас батпай қалды. Дәл қасымда отырып алып, бір кісінің табанын да, аяқ-қолын да жерге тигізбей, сонша әуреленді-ау, Құдааай! Мені көріп отырған жоқ.
“Ереке, Ерекем!” деп, бір шақырымнан құшақ жая қарсы алған адамы - кәсіпкер. Құлап қала жаздады, әкеліп отырғызғанша. Мынаның қасында сол кісі сүйкімді боп көрініп тұр, көзіме. Басын шұлғып тыңдап отыр, бар мақтауын, бар теңеуін. Көзілдірік киіп алыпты, қысылатынын сезсе керек-ті)
Сонша артық қылық, сонша ыңғайсыз іс-әрекет. Әсіресе, жігіттерге мынадай қылық сондай ерсі көрінеді екен. Айтарыңды сонша елпілдеп, желпілдемей-ақ, кәдімгідей, байыппен-ақ жеткізуге болмас па?! Адам дегеннің қасиетсіз бола салуы бір-ақ сәтте екен-ау.
Негізі ретсіз жалпылдап, зуылдап, мән-мағынасыз жылмаңдай беру адамға абырой әпермейтінін бәрі біледі ғой. Біле тұра неге солай жасайды екен? Ондай адамнан өз басым жүз шақырым алыс жүремін! Әркім өзі біледі ғой, қалай өмір сүру керегін, бірақ. Өзі білсінші!
Өмірімде бірінші рет бетпе-бет жолықтым, осындай “жағдаятпен”)

 

Алия Кудайбергенова
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста