Тіл - тас жарады...

Адам емес айуанның ісін жасап жүрген жеткіншектер "аспаннан салбырап түскен жоқ"

  • Адам емес айуанның ісін жасап жүрген жеткіншектер

    Адам емес айуанның ісін жасап жүрген жеткіншектер "аспаннан салбырап түскен жоқ"

Кінәнің бәрін мектептің бұзақы балаларына арта салу оңай бізге. Өйткені сұмдықтың себебін көретін бүгінгі қоғамда өкінішке орай "көз жоқ".

.

Бұрын әр ортаның қазыналы қариясы, "әй" дейтін әжесі, "қой" дейтін қожасы болды. Қазір ше?! Басынан жаулығын тастамайтын, иегінде сақалы, аузында батасы бар ата мен әже қалды ма өзі бізде?! Ата сақалы аузына түсер жасқа жетсе де қазіргінің әжелері шашын бояп, аталары сақал-мұртын жым-жылас қылып алып тастап, қалай да жас болуға құмартып, жастармен жарысып жүр. Ешбір салиқалы сипаты жоқ.

.

Қалтасына қарамай қолына қымбат телефон әперіп, баласын қатарластарымен бәсекелестіріп жүрген ата мен анадан не қайыр?! Сол телефон олар үшін небір "сұмдықтың көзі" екенін білмейді ғой дейсіз бе?! Өздері болса уатсапта неше түрлі группа ашып алып, "мусор-видеоларды" бір топтан екінші топқа жіберіп, арзан күлкіден қолдары босамайды. Телефонды керісінше игілікке жаратып, пайдалы ақпарат, танымдық дүние беріп отырған әке мен ана бар ма арамызда?!

.

Мұғалім деген мәртебелі мамандыққа осы күні күнкөрістің көзі деп қарайды. Оқығаны да, оқымағаны да мұғалім болып алған. Оқушының қалтасын қағып, өзіне сыйлық алғызып, жоғарыға тек қағаз жүзінде есеп берумен ғана басы қатып жүрген сауатсыз ұстаздардан не сұраймыз?!

.

Адам емес айуанның ісін жасап жүрген жеткіншектер "аспаннан салбырап түскен жоқ". Бәріміз де естіп, көріп жүрген қоғамдағы жантүршігерлік оқиғаның себепкерлеріміз! Еккен егісіміздің жемісі! Дені сау қоғам, есі дұрыс орта болмай көрер былығымыз жетеді әлі, алдымызда! Біздің қоғам - "ауру"! Кешегінің үлкендері айтпақшы "Құдай түбін берсін, әйтеуір!"


facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 1452    Пікірлер: 0

сенбі, 26.01.2019, 10:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31