Адамзаттың біраз бөлігі жұмыссыз қалады. Бұл - шындық
РОБОТ ЖӘНЕ АДАМ
Вирус адамдардың әлсіз екенін көрсетті. Адамның мәселесі көп. Оған жұмыс керек, ақша керек, ауырса дәрі керек. Егер мен млрдтаған доллар айналымы бар, ірі өндірістік компания басшысы болсам, онда алдағы он жылдықта өндірістің 70%-ға жуығын автоматтандырып және роботтармен қамтамасыз етіп тастар едім. Boston dynamics оның мүмкін екендігін көрсетуде. Сөзсіз ірі компаниялар солай етеді.
Робот өте тиімді. Ол ауырмайды, дәрі мен жалақы сұрамайды, миыңды ашытып, жүйкеңді жұқартып жұмыстан кешікпейді, "сәл демалып алайыншы" деп шаршамайды, whatsappқа "жұма қабыл болсын" деп картинка жібермейді, "құдамның туған күні еді" деп жұмыстан сұранбайды, "қарызға ақша бере тұршы" деп қаныңды ішпейді, "менің інімді жұмысқа алыңызшы" деп өтініш айтпайды, біреуге сені өсектемейді, сырыңды ашпайды, мүлде ауырмайды. Қысқасы сенімді.
Рәкеңдер болашақта біраз жерге кіреді. Демек адамзаттың біраз бөлігі жұмыссыз қалады. Бұл - шындық.
Асхат Қасенғали
Фейсбуктегі парақшасынан