Тіл - тас жарады...

Әділдік болу үшін халық тең болуы қажет ...

  • Әділдік болу үшін халық тең болуы қажет ...

    Әділдік болу үшін халық тең болуы қажет ...

ШЫҢҒЫС ХАН ҚАЗАҚ ПА?



Қазір біраздарыңызға ұнайтын, біраздарыңыға ұнамайтын ақпарат берейін деп отырмын. Бізге қалыптасып қалған адамның сеніміне секлеу түсіріп, оған қарсы шығу қиын солай ғой. Бірақ осы видеоны соңына дейін, сабырлылықпен, сыни көзқараспен тыңдап шығуыңды сұраймын. Содан кейін ойыңызды жазыңыз, жақсы ма?


Сіз тотолитрылық режимге, билікті біраз адамның қолына ұстап алғанына, бүкіл халықты тобыр қылып ұстап отырғанын қаламайсыз ба? Қаламайсыз! Монархияны қаламайсыз ба? Қаламайсыз! Халық бірдей болып, жердің астындағы, үстіндегі байлығын бірдей қолданғанын қалайсыз ба? Қалайсыз! Оны қаладым деген сөз сіз ДЕМОКРАТИЯНЫ қалауыңыз керек. Неге онда Шыңғыс ханды дәріптеуіміз керек. Неге Шыңғысхан қазақ деп оған жармасуымыз керек? Жалпы Шыңғыс хан деген кім? Моңғолдың құпия шежіресін оқысаңыз, 28 сериялы жалпы моңғолдар жайлы киноны көрсеңіз Шыңғыс ханның қият-бөржігін деген тайпадан шыққанын білесіз. Шыңғыс хан деген бөржігін тайпасы сол кезде шағын тайпа болған. Оның жанында Наймандар деген үлкен империя болған, бір жағында Керей деген мемлекет болған, Меркіттер, Татарлар болған. Сол Шыңғыс хан өзінің қатыгездігінің арқасында сол Моңғолдарды біріктіре алды. Сосын өзін тәрбилеп өсірген, өкіл әкесі Керейдің ханы Уан ханның басын алды да Керейді жаулап алды. Содан керейді соңына ерітіп алды да, найманның тоз-тозын шығарды, сосын татарларды солай бүкіл халықты соңына ерітіп алды, бүкіл қазақ халқын соңы бүкіл әлемді жаулап алды. Соның арасында моңғол халқы 1 % ғана болған. Мен өзім Моңғолияда бір жылдан астам уақыт тұрдым. Шыңғыс ханның өмір баянын біраз зерттедім.

Айтқандарым түсініксіздеу болды ма? Бір қарапайым мысал келтірейін. Қараңызшы сіздің ауылда бір жеріңіз бар, көршіңіз сізге қарағанда, мықты, күші көп, бала-шағасы қарулы. Сол бір күні келді де, сіздің жеріңіздің жартысын тартып алды. Сіз бірдеңке айтып едіңіз, сізді, отбасыңызды соққыға жықты. Сіз осыдан кейін оған рахмет айтасыз ба? Әрине, рахмет айтпайсыз. Күшпен басымдылық жасаған адамға біз не деп рахмет айтуыңыз керек? Біздің ата-бабамызды қырған адамды, Шыңғыс ханды неге басымызға шығарамыз? Мен соны ұқпаймын! Санама жетпейді.

Енді екінші, бір адамның өзінің отбасын билік басына алып келіп, сол жердің бәрін басқартып, ұлыс-ұлыс қылып, оларды ақсүйектер деп атап, қалғандары қара сүйек, тобыр деп атап сол ұлтты, елді басқарғанын қалайсыз ба? Мен қара сүйекпін, сол Шыңғысханның ұрпағы ақсүйек дегенге неге көндігуіміз керек? Санама жетпейді, неге біз қара сүйекпіз?

Алла жаратқанда бірімізді ақсүйек, бірімізді қара сүйек деп жаратқан жоқ. Бәріміз бірдейміз. Халық бірдей болуға тиіс. Қазір коррупция болса өкпелейміз, билік басындағылар өз айтқанын істетсе біз оған өкпелейміз. Осыған не кінәлі? Осыған сізбен біз кінәліміз! Халықты осындай ақсүйектер бар, биліктің алдында тізерлеуге, биліктің алдында басымызды иуге әбден біз санасына құйып тастағанбыз. Шыңғыс ханның идеясы келе жатыр қазір. Монархия деген түсінік біздің санамызға келе жатыр. Бұл Демократия жолы емес. Әділдік болу үшін халық тең болуы қажет. Енді біз кімді ұлықтауымыз қажет. Көбінесе біз ғылым, білімді ұлықтауымыз қажет. Әл-Фарабиді ұлықтауымыз қажет. Әл-Фараби қазақ екен, Әл-Фарабидің еңбектерін ұлықтасақ " Қайырымды қала тұрғындары" деген трактатын оқысақ. Қайырымды қала қандай болу керек, ізгі қала қандай болу керек, адамдар қалай мейірбан болу керек сол шығарманы оқысақ біздің миымыз дамиды. Егер Шыңғыс ханды қазақ деп алып келсек, рухымыз күшейеді батыр боламыз дейміз! Қазір білекке сенітін заман емес, білімге сүйенетін заман. Біз шынымен байда, бақуатты әлем мойындаған ел болсақ, біз Әл-Фарабиді, Алаш ардақтыларының еңбегін дәріптеуіміз керек. Шыңғыс хан әлемге ешқандай жақсылық сыйлаған жоқ! Сондықтан Шыңғыс ханды емес, Әл-Фарабиді зерттейік, мақтанайық.

 

 
 

Ахметбек Нұрсила
Фейсбуктегі парақшасынан

 

 

 

 




Көрілген: 755    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 19.02.2020, 11:49

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31