Әкімдер қазақ тілді тілшілердің ауыздарын буып, байлап тастаған ба, əлде...

17 сәуір 2018, 11:13

Өткен жұма 13 сәуірде орталық коммуникациялар қызметінде "Ақтау жолдары" мəселелеріне арналған жиында (брифинг) болдым.
Бұл жерге алғашқы рет бас сұғуым. Бір жағынан есік ашық дегесін туындаған жұмысшылардың жағдайларының түйткілдерін бір жақты қарағандай болмай əкім, басшылардың өз ауыздарынан естиін деп бардым.
Айтпағым... жиындағы сұрақтардың түгелге жуығын орыс тілді басылымдар мен сайттардың тілшілері қойды. Өз кезегінде екінші рет осында қатысып отырған "Азаттық" тың тілшісі Сəния Тойкен өзін мазалаған сауалдарын берді.
Ал орыс тілді басылымдар мен сайттардың тілшілері əрқайсысы 4-5 сұрақтан беріп жиында өздерін еркін сезініп отырды. Тіпті жиын аяқталғасын қала əкімінен арнайы сұхбат алды. Мемлекеттік телеарнаның жергілікті тілшісінің қаланың 55 жылдығына қандай ерекше шашулар болады дегені есімде қалыпты. Жиынды ұйымдастырушылардың бірінен қазақ тілді журналистердің сұрақ беруге немқұрайлылық танытып селсоқ отыратындығы ылғи осындай ма десем қынжыла жымиып ия деп жауап берді.
Япырмай, сонда ішкі саясат пен əкімдер қазақ тілді тілшілердің ауыздарын буып байлап тастаған ба деп əлде оларды жергілікті осындай өзекті өткір мəселелер қызықтырмай ма толғандырмай ма деген еріксіз ойға қалдым.
Қателеспесем.. қала əкімі Ниязов тек қазақ тілінде сөйлеп отырды.
Бұған да..шүкір!..

Нұркамал Аязбаев
Фейсбуктегі парақшасынан