Тіл - тас жарады...

Әкімнің әлекейдей жалаңдаған көмекшілері қарапайым біздерді таптап кетуге бар

  • Әкімнің әлекейдей жалаңдаған көмекшілері қарапайым біздерді таптап кетуге бар

    Әкімнің әлекейдей жалаңдаған көмекшілері қарапайым біздерді таптап кетуге бар

Ұсақ-түйек боп көрінгенмен, айтпауға болмайтын жайттар бары өкінішті. Кеше, Егемен Қазақстанның басшылығымен кездесуге барғанымда болған кішкентай ғана жайт, көңілімді әжептеуір лайлап тастады. Егеменнің бас редакторы Дархан мырза сөзге шешен екен. Газеттің цифрлы қолданысы жайлы не деген мағлұмат берді десеңізші?! 100 жылдық газетті цифрлы форматта хардискіге көшіріп алатын мүмкіндікті жасапты. Қалаған жылыңды теріп, қажетіңді электронды түрде ала қоясың. Керемет қой?! Тұщына мәз боп тыңдап отырғанмын. Әлекедей жалаңдаған жас жігіт жетіп кеп:"Әрі жылжыңыз?"- деді. Ойлануға мұрша жоқ, жылжыдым. Одан, келесі қапталда, ортада отырған жас жігітті орнынан тұрғызды. Жігітті бері шығару үшін шетте отырған егде кісі орнынан тұрды. Егде кісі жігіттің орнына ығысты. Жігітті мен босатқан орынға отырғызды. Осынша әуреге салғанға таңданып үлгермедім, бәрімізді дүрліктірген орынға әжептеуір бөлім бастығы келіп жайғасты. Басшыны сыйлағаны дұрыс. Бірақ, қанша адамды әбігерге салмай, ерте бастан бос орын алып қалса болмай ма? Осындайда кезінде көпшілік жақтыра бермеген облыс әкімі болған Атамқұлов мырза есіме түседі. Туасында, Атамқұловтан басқа еш әкім театрға келіп, спектакль көрген емес. Ғабидолла екі рет әкім болса да, тұмсығын тықпаған күйі кетті. Айтқым келгені, "Әйел сыры" деген қойылымның премьерасы болып жатқан. Басталғанына он бес минуттай болған. Көзім шет жақта отырған Атамқұловқа түсіп кетті? Шетте, елеусіз ғана спектакль көріп отыр. Анадай жерде көмекшісі бір десте раушан гүлдерін құшақтап алған. Замдиректорге жәймен звондай қойдым. Замдиректор қасына жетіп барып төрге өтуін өтінгенде, әкім "көрерменді мазаламаңыз" деп қарсылық білдірген мәдениетіне әлі ризамын?! Елеусіз жайт, бірақ - факт! Жәй... Қарапайым мәдениетті ел алдында жүргендер ескермесе, әлекейдей жалаңдаған көмекшілер қайдан ұқсын? Бәлкім, алдымен соларға түсіндіріп, тәрбиелеген жөн болар? Олар тек әкімге жиі кіретіндерді ғана таниды. Шығармашылықпен қарапайым өмір сүретін біздерді таптап кетуге бар. Еһ?!. Бір кем дүние?!.


Сая Қасымбек

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1146    Пікірлер: 0

жұма, 08.11.2019, 10:23

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30