Ақшамен сотты соққан сайын басы жарылудың орнына қарны шыға береді
Тас ғасырына тамсанған
- Естідің бе?- деді кемпірі есектен түсіп жатқан Қожанасырға. - Түркістан облыстық сотының азаматтық істер алқасының төрағасы бірнеше рет пара алғаны үшін өзі істі болыпты.
- Қазақстан тұрғындары қайта тас ғасырына оралғанда ғана пара деген пәле тоқтайды,- деп тұжырды Қожекең.
-Баяғыда мен қазыға жүгінгенде қойныма тас салып алатынмын. Дұрыс шешім шықпаса оны ұрып кету үшін. Қазіргілер тас емес, ақша салып барады. Ал ақшамен сотты соққан сайын басы жарылудың орнына қарны шыға береді,- деп түсіндірді Қожекең.
- Иә, солай еді ғой, - деп тамсанды кемпірі.
Қайнар Олжай
Фейсбуктегі парақшасынан