Әлемді таңқалдырар еліміз туралы әлі бір кино, не телетуынды жасай алмадық

28 қазан 2020, 10:23

Борат 2 туралы.


Біріншісі шыққанда да түк істей алмадық. Черный пиар да пиар деп құтылдық. Комик Коэн біздің керемет толерантты екенімізді біліп алған соң, тағы да өз сайқымазақтығына басты. Бұл жолы енді біздің Бекзат, Ермахан, Бақтияр көкке көтеріп, әлемге танытқан Туымызды жалаңаш адамдарға ұстатып қойыпты. Бұл осы Туды мемлекеттік рәміз еткен елімізді мазақ етудің шектен шыққан түрі ғой. Бұған еліміздің Сыртқы Істер Министрлігі үнсіз қалса, онда әлем алдында Бораттың шын отаны екендігімізді мойындағанымыз болып шығады. Ел ішінде әрқайсымыз туымызды құрмет тұтамыз ғой. Мәселе, біздің туды, елімізді халықаралық деңгейде танытуда болып тұр емес пе! Өкінішке қарай, әлемді таңқалдырар еліміз туралы әлі бір кино, не телетуынды жасай алмадық. Біздің тек қазақты мазақтап, әжуалап, комедия түсіргіштер, қаптаған , әзіл-сықақ театрлары, сайқымазақ КВН-шиктер, Бораттың жиынтық образын жасауға өзіндік үлес қосты деп ойлаймын. Не дейміз,енді бұл Саша нақұрысқа тек Димаш қана лайықты жауап бере алатын сияқты. Туға оранған суреттермен бүкіл ел ішіндегі әлеуметтік желіні көмкергеніміз, тасты қылышпен ұрған жалаң әрекет сияқты көрінеді екен.
PS: Біреулер бұл шетте жүрген оппозиционерлердің заказы шығар деген болжам айтып жатыр. Бұлай Елін, Туын мазақ қылғандар халқына да опа бере қоймас.

Еркін Байғабылұлы

Фейсбуктегі парақшасынан