Тіл - тас жарады...

Әлемге етегін ашып танымал болған қазақ жігітінің іс-әрекеті сүйекке түскен қара таңба

  • Әлемге етегін ашып танымал болған қазақ жігітінің іс-әрекеті сүйекке түскен қара таңба

    Әлемге етегін ашып танымал болған қазақ жігітінің іс-әрекеті сүйекке түскен қара таңба

БЕТТІҢ АРЫН БЕЛБЕУГЕ ТҮЙМЕ


Қазіргі қазақ қоғамы етегін түріп , кеудесін шошайтып жүрген қазақ жігітін жұлдыз санайды. Көк жәшіктен түспейтін әлгі еркек сымақты "Техно домның" жарнамасынан қылымсытып, қырық құбылған қатын етіп жыртыңтата беретіні несі?(((

Киноны комедия деп қарқылдап күлдік. Одан саяси астар іздемедік. Иә, Нұртас Адамбаев жақсы режиссер, жақсы актер шығар. Бірақ сол Адамбаев адамдықты ысырып, надандықты паш етіп жүргені қашан....

Немқұрайлылық қазақтың түбіне жеткен, әліде жетіп жатыр.

Ақшаның буына, қазақтың ерінің намысын сатпасын. Әлемге етегін ашып танымал болған қазақ жігітінің іс-әрекеті сүйекке түскен қара таңба. Адамбаев сияқты экран бетіне майысып шығатын жігіттер бүгінде көбейді. Көресің, бәріне қол сілтеп отыра бер. Сенің қазақы арыңа, намысыңа түкіргені бар осылардың. Тілі орыс, ойы да орысша сайрап тұр. Адамбаевтың қай өңірден екені қызық емес. Себебі, көргенсіздік жер мен ауданға бөлінбейді.

Біз жан ұшырып шырылдағанның бәрін, ұраншыл, қызыл кеңірдек ұрысқақ көреміз. Бірақ, дәретханаға барып-келуді сұрай алатын орыс тілімізбен әлдеқандай элитный адамбыз. Сөйлемеген жандардың бәрі ақылды деп кім айтты? Басында айтары жоқ қорқау болғанша, елімнің ар-намысы үшін күңіреніп кететін күйгелектігімізді көрсете отырғанымыз мың есе артық.

Біреудің жеке басынының намысына тиіп, абырой жинамаймын. Бір қазақтың ойсыздығы, арсыздығы бар қазақты еңсесін жер етті-ау?((( Тек қазақтың ерін қорлап, көйлек кигізген шоумендерге "Әй дейтін әже, Қой дейтін қожа " бар ма? Жүгенсіз кеткен өнеріңді қайтейін?

Ерің қатын болып шауып жүргенде, рух пен намыс, тек пен ар туралы бірдеңе деуіміздің өзі ұят.....


Сіздің қосар ойыңыз қандай?


Анаргүл Шалғынбай

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 3058    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.12.2018, 11:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30