Тіл - тас жарады...

Алла өзі сүйіп жаратқан пендесін қорқыту үшін, үркіту үшін жаратып па?

  • Алла өзі сүйіп жаратқан пендесін қорқыту үшін, үркіту үшін жаратып па?

    Алла өзі сүйіп жаратқан пендесін қорқыту үшін, үркіту үшін жаратып па?

Әңгіме болсын бұл күнде "Құдайдан қорық" дегенде кейбір жастар жаңсақ түсініп жүр. Екі түрлі қорқыныш болады бірі бір залымнан, зорбадан, қанішерден, жыртқыш аңнан т.б қорқу қорқынышы екінші қорқыныш бар ол сүйіспеншіліктен туған қорқыныш. Мысалы бір бала әкесінен қорқады, ұстазынан қорқады. Әкем ұрсатын болды, ұстазым ұрсатын болды, ұят болатын болды дейді. Қатты жақсы көргені үшін алдында бір қателік жасап қоймасам екен деп. (әрине әкесі мен ұстазынан егер лайықты болмаса залымдай қорқатындар да бар өмірде бірақ ол басқа мәселе). Сол секілді де Алладан осылай қорықса керек. Хакім Абай: "Махаббатпен жаратқан адамзатты, сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті" дейді. Бір ата ана өз туған баласына зорбалық жасай ма, бір ұста салған мүсінін қорлай ма? Ендеше неге Алла өзі сүйіп жаратқан пендесін қорқыту үшін, үркіту үшін жаратып па? Қайта сүйдіру үшін жаратқан. Оның тозағы да жұмағына қарай жүгірулері үшін жаратылған. Әке де баласына "осыдан істемесең мына шапалақты жейсің" дегенде бала жүгіріп кетпеуші ме еді әкенің мақсаты зорбалық емес баланы қарекет еттіру ғой "балам арманына жетсін" дегені ғой. бір әке осылай болса күллі ғаламды жаратқан Алла неге олай болмасын?! Алла жұмағыма барсын деп тозағын жаратқан. Ал енді келіп біреулер Құдайдың жұмағын ұмыттырып, тек тозағы ғана бардай және мақсаты тозаққа тастаудай һәм құлшылық амалдарды құл иеленуші замандағы құлдардай қорлап істететіндей уағыздауды қайдан тауып алған? Бұл Құдайды залым етіп көрсету, таныту емес пе? Діннің мақсаты залымды жойып мейірім қою емес пе еді? Күн ертең махшарда сол Алла Тағала "неге менің сүйіспеншілікпен жаратқан пенделеріме мені қорлаушы, залым, қатігез етіп таныттың десе не дер екен? Ендеше Құдай сүйіспеншілігін білдіру үшін кітап түсірген екен бірақ сол кітаптың ішінен бір мемлекеттің тек түрмесі мен қатаң жазасы жайлы баптарын оқыған секілді аз қатаң заңдарын тұтастай бір кітаптың мазмұны етіп жүргендер екен. Ендеше нағыз дінбұзарлар солардың өзі екен, шайтаннан аулақ бол деп өздері соларға жақын жүргендер екен.


Мұхиддин Исаұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1888    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 07.10.2019, 12:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30