Тіл - тас жарады...

Әншіден ұлт жайлы пікірін білгісі келіп үміттеніп жүретін аңғал қазаққа таңғалам

  • Әншіден ұлт жайлы пікірін білгісі келіп үміттеніп жүретін аңғал қазаққа таңғалам

    Әншіден ұлт жайлы пікірін білгісі келіп үміттеніп жүретін аңғал қазаққа таңғалам

Димаш бауырымыз бен журналист жайлы айтып жатқандарыңызға қарап бір нәрсе есіме түскені. Ол оқиғаның һәм оқиға кезіндегі ойдың Димашқа еш қатысы жоқ.

Талай тойға барып жүрміз. Талай атақты әншілерді сол жерден көреміз. Махаббат жайлы әдемі ән айтады, вальс билеп аламыз. Көңілді әнді шырқайды, секеңдеп жеген қазы-қартаны қорытып аламыз. Сосын ол әншілер той иесінен гонорарын алып келесі тойға кетіп қалады. Той иелері де әртүрлі. Бірі жақсы адам. Бірі орыстілді таза мәңгүрт. Енді бірі тендерден байыған, тек өз қамын ойлайтын месқарын шенеунік. Солардың қолынан ақша алып кеткен принципсіз әншіден ұлт жайлы, мемлекет жайлы пікірін білгісі келіп, үміттеніп жүретін аңғал қазаққа таңқалам. "Қонарын сай, ұшарын жел білген қаңбақтың қайда бара жатқанын сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?!" дегендей.

Меніңше, әншінің әнін ғана тыңдау керек те, бишінің биіне ғана қызығу керек сияқты. Ал олардың санасының кемелденуі, саясатқа араласуы, тұлға болып қалыптасуы да өзіне байланысты шығар.


Айдос Жұқанұлы

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 1223    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 30.01.2019, 12:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31