Тіл - тас жарады...

Аптасына алты-жеті күн істесе де, байғұстар жақсы ақша таппайды

  • Аптасына алты-жеті күн істесе де, байғұстар жақсы ақша таппайды

    Аптасына алты-жеті күн істесе де, байғұстар жақсы ақша таппайды

Шымкенттен Түркістанға жолға шығарда құрбым екеуміз қарапайым асханаға кірдік. Жастары елудегі, бəлкім, елуге де толмаған ауыр тұрмыстан қартайып кеткен екі əйел аспаз əрі даяшы екен. Қатты шаршағандары өлімсіреген жанарларынан байқалады. "Қандай тамақ ішесіздер?" деді көңілсіз жанымызға келген əйел. Шеке-басы тырсып кеткен. Қатты шаршағаны сол: құлайын деп тұр. Кешкі уақыт, шамамен 20:10. Екінші əйел де сүйретіліп əзер жүр. Екеуі жұмысқа таңертең 5-6-да келетіні айтпаса да, түсінікті. Ер адам асхананың көшеге қараған терезесінен самса, бəліш сатып тұр. Самса мен бəліштің қамырын да екі əйел илесе керек.

"Қандай тамақ бар? Біз суп ішсек деп едік...". Тамақтары дəмді екен.

Маған екі əйел тамақ əкеле жатқанда құлап қалатындай көрінді.

Түркістанға баруымыз керек. Асығыспыз. Ешқайда асықпасақ та, бұл асханадан тез-тез шығуға тырысар едім. Маған шаршаған, қажыған, тұрмыстың тауқыметін тартқан адамдардың жүзіне қарау қиын... Ауыр... Бұл əйелдер тағы да сүйретіліп, қанша жыл жұмыс істейді? Аналарын сирек көретін балалар қалай өсіп жатыр? Үйлеріне барып, балаларын еркелетуге де шамасы келмей ұйықтайтын шығар? Əлде тағы да сүйретіліп жүріп, балаларының кірін, ертеңгі тамағын пісіре ме екен?

Əйелдердің зейнет жасын ұзату туралы заңды көтерген биліктен не күтуге болады? Ештеңе.

Америка, Еуропа демей-ақ қояйын, Мəскеуде аптасына үш күн қара жұмыс істегендер күнін көре алады. Қазақстанда аптасына алты-жеті күн істесе де, байғұстар жақсы ақша таппайды.

Жер асты-үсті байлығымызды ішіп-жеп, немерелеріңнің немересіне, шөберелеріңнің шөбересіне жететін дүние жинадыңдар, енді əйелдердің зейнет жасын ұзатып, бюджеттің ақшасын үнемдеңдер, иə. Форумды азайтып, бюджеттің ақшасын үнемдеу ойларың да жоқ па? Кешіріңдер, форум - ақша жасаудың "формасы" екен ғой. Осы күнге дейін өткен форумдардың ақшасын тексерсе, біраз адам сотталып кетеді. Бірақ балаларың мен немерелеріңнің, шөберелеріңнің алдында не күтіп тұрғанын Құдай біледі...


Аягүл Мантай

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2791    Пікірлер: 0

жұма, 04.10.2019, 12:12

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Желтоқсан, 13:34
    Қайран Маман бай, қайдасың?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31