Тіл - тас жарады...

Әр балаға бөлінетін 21 мыңды аламыз деп отағасы өлуі керек пе сонда?

  • Әр балаға бөлінетін 21 мыңды аламыз деп отағасы өлуі керек пе сонда?

    Әр балаға бөлінетін 21 мыңды аламыз деп отағасы өлуі керек пе сонда?

Күйші Əбікен Хасенов қайтыс болғанда жерлеу комиссиясының төрағасы Шəкен Айманов болыпты. Жерлеу жұмыстарын ұйымдастыру үшін бір шендінің алдына (оның да кім екенін ұмытып тұрмын) сметасын сызып, 10 мың сом сұрап барған екен. Сөйтсе, əлгі кісі:

- Ой, Шəкен-ау, 10 мың сом бір адамға көптеу емес пе? - депті, сөйтсе Шəкең:

- Ойбай-ау, басеке-ау? Он мың аламыз деп тағы біреуіміз өлуіміз керек пе? - депті жұлып алғандай.

Шенеунік сөзден жығылып сол он мың сомды бөлгізген екен деседі.

Ты-ты: 21 мыңның соңын сиырқұйымшақтандырып жіберді ғой, иə? Жалғызбасты аналарға бөлінеді дей ме, не дейді? Көп балалы отбасының əр баласына бөлінетін 21 мыңды аламыз деп отағасы өлуі керек пе сонда?

Бермесе, бермей кетсін 21 мыңымды,

Сонда да тоқтатпаймын түнгі сменімді,

Қазақтың кең даласын ұлға толтырам,

Қолынан жетектеп ап бəйбішемді,

Гигөк-гигөк...


Ержан Тәліп

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1419    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.03.2019, 12:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31