Ар жағынан қылмысы ашылып қала ма деп қорыққан соң осындай шектеулер қойылған
Бізде төтенше жағдай бастала салысымен үлкен қара әріптермен жазылған "АУРУХАНАЛАРДА ВИДЕО ТҮСІРУГЕ БОЛМАЙДЫ" деген тәртіп жақсы жұмыс істеді. Енді сол тәртіптің жемісін тойғанша жеп жатырмыз. Науқастардың бет жүзін жасырсақ та, халыққа мәселені көрсету үшін БАҚ пен ашық жұмыс істеу керек еді. Үйтпеді. Ауру бар деді, ауырған адамдар көрсетілмеді. Науқастардың жанайқайын айтқан журналистер қудаланды. Полицияға сүйреді. Полиция демекші тәртіп сақшыларының департаменттеріне де телефонмен кіруге болмайды. Түсірілімге тиым салынған. Бетін тырнасаң ар жағынан қылмысы ашылып қала ма деп қорыққан соң осындай шектеулер қойылған.
Ерқанат Көпжасарұлы
Фейсбуктегі парақшасынан