Тіл - тас жарады...

Арабтар қытайдағы қор болған діні бір мұсылманға тілімен болса да қолдау білдіре алмады

  • Арабтар қытайдағы қор болған діні бір мұсылманға тілімен болса да қолдау білдіре алмады

    Арабтар қытайдағы қор болған діні бір мұсылманға тілімен болса да қолдау білдіре алмады

Қытайды қанша жамандасақ та олардың басы бас-ақ болып тұр. Өйткені біз тауар алудан соларға тəуелдіміз. Сіріңке шығаратын зауытымыз жоқ, қайдағы болашақ бізде...?

Бір бүйрегімізді бұрып тұратын арабтар адамзат игілігі үшін уағыз айтқаннан басқа, əлемнің бензоколонка заправкасы болғаннан басқа түк те бітіріп отқан жоқ. Тіпті қытайдағы қор болған діні бір мұсылманға тілімен болса да қолдау білдіре алмады. Құдай құтқарады деп қолды аспанға жайып дұғада бола берсе, діншілдігі қазақты он орап алатын отыз миллион ұйғыр мен дүнгеннің зары мен жасын құдай соқыр болмас ендігі көрер еді, керең болмаса есітер еді. Ал сол тағдыр бізге келсе не боламыз?

Біз (мұсылмандар) өлердей жек көретін Израиль мемлекеті өзіне қарсы соғыс ашқан бес бірдей мұсылман мемлекетін 1973 жылы бес күнде-ақ талқандап тастады. Сол жеңістерін еврейлер "судный день" деп мақтанады. Масқара жеңілістен кейін арабтар еврейлерден əлі күнге дейін бұттарына жіберіп қоярдай қорқады. Өйткені ат төбеліндей еврейдің технологиясы қаруы мықты.

Əлде, ойбай ақырзаман болғанда құдай жазасын берер деп дұшпанға құл болып дұғада отыра береміз бе қайтеміз?

Кез келген дін ғалымынан мен қандай оқуға барсам болады деп кеңес сұрасаңыз əлбетте діни медресеге бар деп айтады. Құран жаттауды, хадисты санаңа тоқуға үгіттейді. Əрине басқа салаға барма демейді. Бірақ олар өздігінен ешқашан сен медицина саласына бар, ұшақ жасаушы маман бол, компьютер саласын меңгер, айти маманы бол деп кеңес бермейді. Хотя өздері сол саланың игілігін көріп отырса да айтпайды. Құнанбай қажы қажылыққа барып келгесін билікпен, дүния ісімен мүлде араласпай тақуалыққа жүз пайыз ден қойған. Шəкəрім қажы да солай жасаған. Олар дінді уағыздамаған. Жəй ғана өздерінің тақуалығын жалғастырған. Олардың сөздері емес өздері үлгі болған.

Қазақтың тарихында дін адамы қажылық тақуалық жолды таңдаған соң дүнияуи іске мүлде араласпаған. Қазір ғой Мұхамметжандар қажыға 15 рет барып кеп елге ақыл айтады.

Негізі діни фанатизмге өзім бір рет түсіп шыққан адам ретінде айтайын. Бұдан өзіңді алып шығу өте қиын. Шеңберден шыға алмай, шексіздікке ұмтыла алмай қаласың. Дүнияуи білімнің қажеті қанша, одан да дін ілімін меңгеріп сауап жинайық деп кезінде талай жастың миын улаған едім. Соларға қатты қиянат жасаған екенмін. Менің дінге шақыруымнан дінге келіп, кейін шет ел асқандары да болса ше...? Алматыда жүргенде смертный дағуатчик едік қой. Осы жерде де талай рет діни мəселеге білгенімше бəтуа айтып отыратынмын. Уақыт өтеді, үздіксіз ізденіс адамды кемелдендіре береді екен.

Əй бірақ, осы жазғандарымды толық оқып мені түсінетін басында дəні барлар болса игі. Керісінше басыма темір телпек кигізіп, есекке теріс қаратып отырғызып, діннен безген кəпір атандырып жіберер ертең ақ өз туғандарым.


Аліби Манаш

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2766    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.10.2019, 10:58

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30