Әсілінде, халықты исламнан алыстатып жүрген біз секілді "дінбұзарлар" емес, имамдардың өздері

09 шілде 2022, 15:13

Жылда құрбан айтта, оразада өз ойымызды жаза қалсақ, бізді "дінбұзар" деп жерден алып, жерге салып жатады ғой. Әсілінде, халықты исламнан алыстатып жүрген біз секілді "дінбұзарлар" емес, имамдардың өздері. Пітір-садақаны өзіміз білетін шын мұқтажға аударайын десек, "Пітір-садақаны мешітке аударыңдар" деп жанығатын имамның өздері. Осы құрбан айтта да құрбан шалып, өзіміз білетін шын мұқтажға етін таратайық десек, құрбанды мешітте сойыңдар, арнайы рұқсаты бар жерге сойыңдар, етін мешітке тастап кетсеңдер, мешіт өзі таратады" дейтін де сол имамдар. Құрбан айттан кейін қойдың ішек-қарыны мен терісін тау-тау қылып үйіп сасытатын да сол имамдар.
Біздегі имамдар имамдықты сауап үшін емес, кәсіп қылып алғандар ғой кәдіміскідей. Қосымша огород егіп, мал бағып жүрген бір имамды білесіз бе? Жоқ. Ақ шапанын киіп, күндіз-түні құранда, садақада, жаназада "Мынау маған қанша береді екен?" деп мүлгіп отырған бір молда. Тіпті, әр ауылда молда ақысы деп ақша жинайтын болды. Егер ол молда "Маған айлық емес, бала-шағамның күн көрісіне жайылымдық, егістік жер беріңдер, содан несібемізді айырайық" десе береді ғой сол жерді. Ал олар тек садақадан күн көргісі келеді, қимылдап ақша тапқысы келмейді. Ғайбат айтсам, Алла өзі кешірсін, шалған құрбандарыңыз қабыл болсын. Құрбандық шалған дұрыс қой, жоқ-жұқаналар түгілі орта шаруа біздің өзіміздің балаларымыз етті анда-санда жейді.

Ержан Тәліп

Фейсбуктегі парақшасынан