Тіл - тас жарады...

Аспирин мен парацетамол жоқ деген не сұмдық?

  • Аспирин мен парацетамол жоқ деген не сұмдық?

    Аспирин мен парацетамол жоқ деген не сұмдық?

Жыланның аспид деген түрі бар, шаққанын сеспей қатырады. Солардың әбжланы болсын, басқасы болсын кез келгенін мангуст жеп қояды. Ең қауіпті жыланның уы дарымауы үшін мангуст батпаққа аунап, тері сыртына сауыт жасайды екен. Сонда әлгі пәлекеттің тісі батпайды, алқымнан алып, шайнап тастай салады. Қазір ел ішін бір сумақай кезіп жүр, жаманат көп болып кетті. Ал ауруды алып ұрамын деген халыққа суыт боларлық "батпақ" жоқ. Кеше балам апасы мен шешесіне бір-екі дәрі алу үшін Әуезов-Ғабдуллиндегі дәріхана алдында 4 сағат (!) кезекте тұрды. Аспирин мен парацетамол жоқ деген не сұмдық? Жұрт қолына түскен дәрінің бәрін қармап жатыр дейді. Елді ордалы жыландай бунап алған мына дерттің (ковид, тұмау, пневмония) уытын қайтару үшін бір мықты қадам керек-ау. Сосын дәрі нарығын монополиялап алған "СК-Фармация" неге үнсіз? Үрейленген халықтың қай дәріні болсын бағасына қарамай бас салып жатқанына сүйініп жүрмесе мына проблеманы шешетін уақыттары болды ғой. Алып елдердің бір қаласына сыйып кететін 18 млн халықты дәрімен қамтамасыз ете алмау дәрі-дәрмек саласындағы монополияны жою керектігін нақ көрсетті, Тасымалшы көп болса - таңдау да көп болар еді.

Пы.сы. Ингавирин, тамифлью, азитромицин дегендерді тапқаннан құстың сүтін тапқан жеңіл боп тұр дейді дәріхана алдында топырлаған ағайын.

 

Serik Abikenuly
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1824    Пікірлер: 0

бейсенбі, 02.07.2020, 13:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31