Тіл - тас жарады...

Атадан безген ел болмас

  • Атадан безген ел болмас

    Атадан безген ел болмас

...Сонымен таңнамазын оқымаққа мешітке кірдім. Ел көп жиналыпты көбі жастар. Көбі жамырап, құжынап арадай Құран оқып отыр екен. Әлеумет сүннетін оқып күтіп отыр. Әлден соң имам да келді. Жас молда студент екен. Тәбәрәктен жіберді. Заулатып оқыды кеп. Намаз да бітіп бата қайырып ақырында Құран оқыды. Жақсы оқыды. Бата қайырды бірақ сол батасы тек өзіне жақсылық тілеумен аяқталды. Ата-бабалардың аты тұрмақ Пайғамбардың да аты аталмады. "Арыстанбаб, Сайранда бар сансыз Баб"... деп бабаларға Құран бағышталмады. Бұл тек бұл жерде емес көп мешіттерде осылай болып келеді. Содан ойладым қазақта сөз бар "өлі разы болмай, тірі байымайды" деп. Ата-бабаларын ұмытқан жас ұрпақ қанша дінде мықты болса да Алла олардың берекетін алып қойып, бір-біріне салып қояды екен. Құранда Алла "Ата-анаңа жақсылық жаса, құрметте" дейді. Енді мына жас буын ата-анасын тірі күнінде құрметтейді екен де өлісінде ұмытып кетеді екен. Онда осының несі құрмет? Олар ойласа керек өлді болды топыраққа кірді қабірде бізден бейхабар деп. Һәм ата-анасы тірі болса да бабаларын құрметтемеу ата-анасын құрметтемеумен тең. Сенің балаң сені құрметтеп бірақ әкеңді сыйламаса айтар ең ғой "әй бала, бүйткен құрметің құрысын, әкемнің алдында қара бет қылдың ғой деп.

Е бір бала бар атадан кері туады деген сөз бар еді сол келіп тұрған заман екен де. Сырттай қарасаң Матуридимін дейді. Бірақ ата-бабамның жолын ұстанбаймын дейді. Матуриди атаң емес деп кім айтты?
Бұл халықтың да бұлар ұстанған діни ұстанымнан, бұлардан безіп жүргенін енді аңғарғандаймын. Қазақта діни ұстаным деп ата жолдың ұстанымын айтады. арабтың емес, парсының емес, түріктің емес, үндінің емес.
Жалпы бір ұққаным не бұлар ес жиып тәубаға келер болмаса бір таяқты жейтіні анық. Иә, осыған көзім анық жетті.

Мұхиддин Исаұлы
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1329    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.02.2020, 11:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31