Тіл - тас жарады...

Атасының зиратына жабысып, өткен шақпен өмір сүретін қазақ...

  • Атасының зиратына жабысып, өткен шақпен өмір сүретін қазақ...

    Атасының зиратына жабысып, өткен шақпен өмір сүретін қазақ...

1492 жылы "Америка ашылды" деген хабар келгенде, талай европалықтар көшуге бел байлады. Көшкендердің дені кедейлер, баспанасы жоқтар, қашып жүрген қылмыскерлер және басқа да себептермен тәуекелге бет бұрғандар.


Австралия ашылғанда да Англияның кілең кедей-кепшіктері, еркекшора-қызтекелері, нашақорлар мен қылмыскерлері кеткені туралы біздің Англиядағы мұғаліміміз айтып берген еді.


Осы отырықшы европалықтардың "Ұлы көштеріне" қарап отырсам, жанкештілік пен қайсарлығын байқауға болады. Мыңдаған километр қашықтықта жатқан, белгісіз аймаққа, "мұхитта батып кетемін-ау" деген қорқынышын басып, жолға шықты. Тағы қайталап айтайын, бұл отырықшы европалықтардың осыдан 500 жыл ғана бұрынғы кейпі.


Ал өзімізге келсек, біз 500 емес, 5000 жыл көшіп жүрдік. Қанымызға көшу, мекен-жай ауыстыру, көктемде жайляуға, қыста қыстаққа бару деген функция сіңу керек еді. Алайда, бүгінгі қазақ "мен көшпендінің ұрпағымын!" деп кеудесін ұра ала ма?


Бүгінгі қазақ көшпенді емес. Тіпті көшпенді ата-бабасының жұрнағы мен иісі де қалмаған. Көрші қаладан қалаға көше алмай қалған. Бөтен елді былай қояйық, өз мемлекетінің ішінде көше алмайды. Стереотиптерге батқан, атасының зиратына жабысқан, өткен шақпен өмір сүретін қазақ. Жылағың келеді.


Samat Nordman Nurtaza

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2444    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.11.2019, 11:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31