Ауламыздан бір-бір мешіт салып, коммунист әкеміздің атын беріп қоямыз ба деп қорқам
Шымкентте жүз бес, Ақтауда екі-ақ мешіт бар деп шулап жатыр екен мен қарап жүрген фейсбук. Біреулер тіпті артық кетіп "Шымкент иманды, Ақтау имансыз" депті.
Жүз бес мешіт. Неддеген ақша дим дә)
Ал енді білетіндер айтыңдаршы, мешіттен келер халыққа қандай пайда? Экономикаға үлесін қосып жатыр ма? Әлде жастардың білімі асып жатыр ма? Екі қаланы салыстырып көріңдер. Ақтау халқы тілін, дінін ұмытып кеткен жоқ. Керісінше салт-дәстүрді ұстанған елді мекен Ақтау.
Мен екі қаланың арасына іріткі салар ойым жоқ. Осыншама мешітке кеткен қаражатқа өндіріс орындарын салғанда қаншама пайда келер еді, қаншама жұмыссыз адам жұмыс істер еді деген ой ғой.
Сәл тоқтау болмаса ертеңгі күні байып жатсақ, әрқайсысымыз ауламыздан бір-бір мешіт салып, коммунист әкеміздің атын беріп қоямыз ба деп қорқам))