Тіл - тас жарады...

Аулаңнан күніне бір тонна алтын қазып алып, орнына үш бөлке нан әкеп берсе, қандай күйде боласың?

  • Аулаңнан күніне бір тонна алтын қазып алып, орнына үш бөлке нан әкеп берсе, қандай күйде боласың?

    Аулаңнан күніне бір тонна алтын қазып алып, орнына үш бөлке нан әкеп берсе, қандай күйде боласың?

Көлемі жағынан Якутия Қазақстаннан үлкен. Миллионға жетпейтін адам тұрады ғой деймін. Сахалардың саны соның тең жартысындай ғана. Мұнай, газ, көмір, уран, алтын, алмазға өте бай. Бәрін өңдеп, бәрін орыстар тасып әкетіп жатыр. Осындай ен байлықтың үстінде отырса да, якуттардың көбі ішіп кеткен, кедей тұрады. Мемлекеттің жәрдемақысымен жан бағып отырған, дотация жағынан Дағыстаннан кейінгі орында тұрған мемлекет. Сенің аулаңнан күніне бір тонна алтын қазып алып, саған соның орнына үш бөлке нан әкеп беріп, біз сені асырап жатырмыз десе, қандай күйде боласың? Якуттардың жағдайы қазір тура сондай. Мәскеу бәрін кенеше сорып жатыр. Неге ол диктаторларды қолдайды, неге ол Саакашвилиді жек көреді, неге ол Грузияға басып кірді, неге ол Украинаны Янукович сияқтылар билегенін қалайды – өйткені ертең олай істемесе, республикалардың бәрі азаттыққа ұмтылуы мүмкін. Осы жолы якуттар құрылыста, базарда істейтін қырғыздарға кеп тиісіп, бар өшін солардан алды. Өктем ұлтқа бірдеме деуге духы жетпейді. Біздің де біраз жеріміз сахаларға қатты ұқсайды. Бар айырмашылығымыз – олар әлі бодан болып отырған ел де, біз оларға қарағанда тәуелсіз деген аты бар елміз.


Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 3422    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.04.2019, 13:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30