Тіл - тас жарады...

Ауылда мал қалмаса, малдан басқаға ебі жоқ қазақ несін жейді?

  • Ауылда мал қалмаса, малдан басқаға ебі жоқ қазақ несін жейді?

    Ауылда мал қалмаса, малдан басқаға ебі жоқ қазақ несін жейді?

Ауылдағылар жерсіз қалды, енді біраз жылда қолда мал да қалмайтын секілді ғой. Ет жеп өскен, малмен күн көретін қазақтың барған сайын өрісі тарылып барады. Соңғы 5-6 жылда ауылға барған сайын бруцеллез, бруцеллез деп дүрлігіп, қолдағы онсыз да аз малының тең жартысын арам өлмесін деп етке апарып өткізіп жатқандарды талай көрдім. «Бруцеллез» (сарыбуын) деген ауруды ойлап тауып, халықтың сөйтіп қорасына түсіп жатқан сияқты болып көрінді. Ырысбек дейтін бауырымның айтуынша, Боран деген бір ауылда биыл 800 бас малға ауру деп диагноз қойып, ақыры оларды колбаса жасайтын цехқа апарып өткізіпті де, малдың иесіне 45 мың теңгеден ұстата салыпты. Мал емдеумен айналысатын бір жігіт бруцеллезбен ауырды деген 8 қараны тексеріп көрсе, олардың бәрі сау болып шыққан. Сонда бұл қолдан жасап жатқан құйтырқылық па, немене? Ертең ауылда мал қалмаса, малдан басқаға ебі жоқ қазақ несін жейді?

Жолымбет Мәкіш
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 685    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.01.2020, 12:05

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31