Тіл - тас жарады...

Ауылдағы адамдарды надан, салақ, дым көрмеген етіп көрсетуді қояйықшы!

  • Ауылдағы адамдарды надан, салақ, дым көрмеген етіп көрсетуді қояйықшы!

    Ауылдағы адамдарды надан, салақ, дым көрмеген етіп көрсетуді қояйықшы!

Арман мырза! "Шырақшы" фильміне әріптестер жиналып бардық. Біз әрқашан жақсы кино көреміз деп үміттенеміз. Көбіне көңіліміз толмай қайтамыз. Кинода ешқандай тартыс жоқ. Монотонный өтеді. Фильм соғыс кезінен басталғанда жақсы басталып еді. Одан кейін іш пыстыратын дүние болды. Анти герой жоқ. Баяғы Кеңес дәуіріндегі "Тартыссыздық теориясын" еске түсіреді. Қисынға келмейтін тұстары да көп. Бұрын "Қазақфильм" айдалада жалғыз үй, тақыр жерді көрсететін еді. Тәубә соңғы жылдары тауды, орманды көрсететін болды. Халықтың деңгейі өскен. Қазақтың киноларына шынын айтқанда зәру емес. Ғаламтордан небір киноны көруге болады. Бірақ... ұлттық киноң жарқырап тұрса. қуаныш емес пе?! Ең қызықсыз сәттердің бірінде Нина Усатованың картинасы бір көтеріп тастады. Өз образын керемет сомдады. Өмірде болған оқиғаны сол қалпында көрсетіп беретін болса, оның несі кино? Сосын ауылдағы адамдарды надан, салақ, дым көрмеген етіп көрсетуді қояйықшы! Алба-жұлба, кір-қожалақ, құлаған қора... Кино соғыс біткенен кейінгі жылдарды көрсетіп тұр ғой. Қазақ талғамсыз киінді деу бекершілік. Өткен ғасырдағы 20-30 жылдардағы Алаш арыстарының киімдерін, сол кездегі жастардың киімін тарихтан, музейден неге көрмейсіздер? Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Сіздер көрсетіп отырған заманның киімінен мың есе артық! Шынымызды айтсақ, жұмыстан шаршап киноға барғанда алтын уақытымыздың босқа кеткеніне өкіндік. Неге режиссер өз көңілінің хошы үшін түсіргісі келген дүниені мемлекеттің қаражатына түсіреді? Қазақ киносы қашан түзеледі? Третий страналардың арасындағы фестивальге қатысып жүлде алғанымызбен мақтанбай-ақ қояйықшы! Одан да жылда жылда Сіздерге сценарий апарып жүрген жастардың материалына неге дұрыстап зер салмайсыздар? Белгілі режиссер, белгілі сценаристің жазғанына фильм түсіреді. Бұл шаблонды көрермен жақсы біледі. Қай режиссердің фильмінде қандай актерлар ойнайтынын да жақсы біледі. Қазақфильмнің штатный батырларын да танимыз. Кей кинода костюмдер де қайталанады. Ойдан шығарылған дәстүрлер, қымыз ішсе, бүкіл сақалынан ағызып ішу сияқты тұрпайы нәрселер мезі қылды. Артық айтсам, кешіріңіз. Сізге айтпағанда кімге айтамыз?

Толкын Султанова
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 729    Пікірлер: 0

жұма, 24.01.2020, 11:08

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29