Тіл - тас жарады...

Ауылдың иттері құрлы бола алмадық...

  • Ауылдың иттері құрлы бола алмадық...

    Ауылдың иттері құрлы бола алмадық...

Осында бір екі іні-қарындасым бар, анда-санда фейсбукте ашулы пост жазып қойғанға өздерін саясатта жүрміз, тіпті саясаткерміз деп ойлайтын болуы керек. Бір жағынан солай болуы да мүмкін. Себебі, саясат және саясаткер деген ұғымдарға әлеуметтік желідегі белсенділікпен байланысты түсінік беріле қойған жоқ. Айтайын дегенім, кешегі Мұхтар Тайжанның басқа жеке бас мәселесін қоя тұрып, нақты бір мәселе бойынша кездесейік деуі дұрыс болатын. Саясатта ол өте жиі қолданылатын амалдың бірі. Оған бір емес, мыңдаған мысал келтіруге болады тарихтан. Бір үстел басында кездесіп, өзекті мәселені талқылау үшін ол адамдардың бір-бірінің саяси бағытын қолдауы немесе бір-бірін жақсы көруі шарт емес. Керек десеңіз жаулық ниеттегі адамдар белгілі-бір мәселе бойынша өзара кездесіп талқылауы - бұл саясат, жетілген, нақты есепке құрылған саясат! Жоғарыда оған мыңдаған мысал келтіруге болады дедім, оның орнына мынадай мысал келтіре кетейін; ауылдың иттері әдетте бір-бірімен бастары піспей жатады, сүйекке таласады, ұрғашыларына таласады т.б., бірақ сырттан бөрі келсе немесе оның иісі сезілсе болды, бәрі бірдей қосыла үріп, ауылды азан-қазан, у-шуын шығарады. Өйткені, жау біреу! Сырттан келген жау келгенде бірігу инстинкт деңгейде қалыптасқан. Ал бөрі кеткесін сол баяғы күйге түс, сүйекке талас, басқаға талас. Біздегі көптеген пікірлерді оқи отырып, үлкен саясатты қоя берші, ең құрыса ауылдың иттері құрлы бола алмадық па деген ой келеді.


Абзал Құспан

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1207    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.01.2019, 12:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31