Тіл - тас жарады...

Ауыр тұрмыс пен теңсіздік қай салада болсын тұла-бойыңды жеп қояды

  • Ауыр тұрмыс пен теңсіздік қай салада болсын тұла-бойыңды жеп қояды

    Ауыр тұрмыс пен теңсіздік қай салада болсын тұла-бойыңды жеп қояды

Сананы тұрмыс билейді. Бұл шындық. Бүгінгі, еліміздегі әлеуметтік процесстердің күрделенуі тұрмыстың ауырлығына байланысты. Иә, қазақтың тұрмысы ауыр. Ауылдарда өте ауыр. Қалаға қызығып, сол жерде тұрмысымды түзеймін деген үмітпен қалаға босиды. Ауылда жер тырмалап, жұмыс істейін десе, барша жерді бай-шонжарлар алып алған. Орын жоқ. Жер бар, ал орын жоқ. Ал қалада күтіп отырған ешкім жоқ. Тағы да ауыр тұрмысқа үмітсіздік қосылады. Міне, осы үмітсіздік қазақты көшеге шығарады. Үмітсіздік, Сенімсіздікке алып келеді. Үмітсіздік пен Сенімсіздік өте ауыр әлеуметтік-саяси фактор. Осы кезде, Аристотельдің "адам - саяси организм. Хайуаннан адамның негізгі айырмашылығы осында" деген сөзі іске кіріседі. Яғни, адамдар саяси процесстің бұрыс екендігіне көзі жетеді.

Ал, ауыр тұрмысқа қай салада болсын теңсіздік сезімі тұла-бойыңды жеп қояды. Жас жігіттер қалада кафеге қыздарды шақыра алмайды, тәуір киім кие алмайды. Ең сорақысы, жасы келгенде үйлене алмайды. Өйткені, қаржысы жоқ. Биологиялық уақыт өтеді, ал әлеуметтік-адами тыныс тіршілігін жасай алмайды.

Бұл, мүлдемге ашу-ыза тудырады.

Міне, қаракөздің көрген күні...

Болмыс. Әлеумет. Мәдениет.

Қазақ елінің бүгінгі картинасы.

Өкінішті. Ызалы. Ертеңгі күнге күдікті.

Бұл Туған Жерді тастап кету Қасіреті...


Erlan Sairov

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 676    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.07.2019, 12:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31