Тіл - тас жарады...

Әйелдер мерекесінің негізін қалауға жеңілжүрістілер түрткі болғанын "беткебасқыштар" көбейді

  • Әйелдер мерекесінің негізін қалауға жеңілжүрістілер түрткі болғанын

    Әйелдер мерекесінің негізін қалауға жеңілжүрістілер түрткі болғанын "беткебасқыштар" көбейді

Әйелдер мерекесінің негізін қалауға жеңілжүрістілердің саяси белсенділігі түрткі болғанын "беткебасқыштар" көбейді.
"КАЖДЫЙ ВОСПРИНИМАЕТ ВСЕ В МЕРУ СВОЕЙ ИСПОРЧЕННОСТИ”.
Артын қаза берсек, қасиетті ештеңе таппай қаламыз ғой. Аталмыш датаны "бұзылған мейрам" деп жиіркенетін "періштелерге" кеңес:
1. Қолыңыздағы “Айфон" мен “Айпадты” тезірек қоқысқа лақтырыңыз. Өйткені, “Apple-дің” басшысы Тимоти Дональд Кук басымен ғана емес, "артымен" де жұмыс істейтін адам. "Гейлерге" қатысы бар затпен "пәк қолыңызды" неге былғайсыз? Тфу, кәпір... Айтпақшы, Стив Джобс жас кезінде нашақор әрі “бабник” болған. Бойында арабтың қаны болса да намазхан емес. Сұмдық қой.
2. Кристиан Диор, Джон Гальяно, Джорджио Армани сияқты танымал дизайнерлердің "махаббаты" да "көгеріп" кеткен екен. Әлемдегі сәндік супербрендтердің басым көпшілігін "гей-дизайнерлер" басқаратыны жасырын емес. Шанель мен Луи Виттон сияқты "мүйізі қарағайдай" тұлғалар негізін қалаған брендтер қазіргі кезде "көк көйлектілердің" жетекшілігінде. Жастарды қойшы, үстіңіздегі киім үлгісіне де ”жезөкше-дизайнерлердің” қатысы болуы әбден мүмкін. Онда, неге бәрін шешіп тастап, қазақи шапанмен жүрмейсіз?
3. Балаңызды музыкалық мектепке бермеңіз. Ол жерде міндетті түрде Чайковскийдің музыкасын ойнатады. Петр Ильичтің “бұзылған адам” болғанын білетін шығарсыз? Ескендір Зұлқарнайын (Александр Македонский) туралы поэма есіңізде болар? Ескендірді ұлы образда жадымызда қалдырайық. Оның "артқұмарлығын" білсеңіз, ол туралы кітапты отқа жаға бастайсыз ба? “Көгілдір сезімді” танымалдардың толық тізімін жасасақ, көп нәрседен көңіл қалады. Ендеше, “жаман иісі” бар жерді шұқылай берудің қандай қажеті бар?
ҚЫСҚАСЫ мынау:
“Дизайнер-қызтеке” ойлап тапқан киімді киіп, “лесбиянкалар” шығарған өнімдерді тұтынып, “көк-еркек” басқаратын банктің кәртішкісінен ақша алып, шошқа еті (байқамай) қосылған "xалал" тамақты сүйсіне жеп, соғыста атаңды атып өлтірген немістің "Мерседесіне" раxаттана мініп, қазақты қойша қырған xалықтың ұрпағымен “дос-тамыр” болып жүргеніңізді ұмытпаңыз. Укол салар алдында жамбасыңызға "xалал сүт" емес, "xарам спирт" жағатыныңыз да естен шықпасын.
Р.S. Әйелдерді сегізінші наурызда (бір күн) ғана емес, жыл он екі ай бойы құрметтеп, күн сайын сыйлық жасау керек дейтін “асыл ойлы пысықайларға” айтарым: “Астана Күнін” алтыншы шілдеде ғана емес, күн сайын неге тойламайсыздар?
Айтпақшы: Келе жатқан мерекелеріңізбен, қыздар (әпкелер, қарындастар, жеңгелер, келіндер, келіншектер, апалар, әжелер және т.б)

02.03.2016

Серік Абас-шах

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2100    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.03.2021, 09:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Сәуір, 17:01
    ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫ – ХАОС
    23 Ақпан, 09:09
    Біз кімбіз, сонда?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30