Айналып келгенде барлық опық өзімізден
Кезінде көптеген ұлттар басқаның жетегінде жүруге мәжбүр болды, өзгенің боданы болды, одан көптеген жапа шекті. Оның себептері бөлек әңгіме. Тек уақыт өте бүгінгі Израиль неліктен неміс не араб тілінде сөйлемейді, бүгінгі Ресей неге французшаны ұмытқан, бүгінгі Корея не себептен балаларын жапон мектебіне бермейді деген сандырақты неліктен ешкім айтпайды? Өйткені аталған ұлттардың намысы мен қаны бар және бұрынғы қожайындарының айтқанына түкіргені бар. Сондықтан Тәуелсіздік алғаннан соң бірінші кезекте тілдік һәм рухани құлдықтан бас тартқан оларды күллі әлем мойындап құрметтейді. Бізде неге басқаша? Бәлкім біздің жағдайымыз басқа деушілерден. Үкімет жиынынын орысша жүргізетіндерден. ФБ-да орысша жазатындардан. Кез-келген пәлені басқадан көретіндерден. Атынан ов-ев-ті алып тастауға дәті бармағандардан т.б. Айналып келгенде барлық опық өзімізден.
Расул Жұмалы
Фейсбуктегі парақшасынан