Тіл - тас жарады...

АЙТҚЫШЫМЫЗДАН АЙТАҚШЫМЫЗ КӨП!

  • АЙТҚЫШЫМЫЗДАН АЙТАҚШЫМЫЗ КӨП!

    АЙТҚЫШЫМЫЗДАН АЙТАҚШЫМЫЗ КӨП!

Қазір екінің бірі блогер болып, елге ақыл үйреткен заман ғой. Оңып тұрмаған ойын қате жазып қанды ішкенімен қоймай, өзі білмейтін салаға тұмсығын сұғып, көзі жетпеген дүние туралы шалажансар, шалдыр-шатпақ дүние жазып күйдіретіні көп. Көбік сөзді көпіртіп, өтірікті өкіртіп, хайп қуғанды айып көрмейтіндер өзгенің өміріне, жұмысына араласуды еш әбестік санамайды.

 

Сондай айтқыш, жазғыштар  мәселенің байыбына бармай, рас-өтірігі анықталмаған деректі іліп әкетіп, Айдың күні аманда аттандағанының кесірі қанша адамға тиіп жатыр?!

 

Бір мысал. Жақында әлдекім: "Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының дәрігерлері өзі мүгедек, ауыр халдегі баланы емдемей өлтіріп алды. Өлім аузында жатса да ешкім қарамаған. Шешесі байғұс дәрігерлердің салғырттығынан жалғыз ұлынан айырылды" деп жариялап, бүкіл құзырлы органдарды тегтеп, тексеру жүргізуді талап етті.

 

Шұғыл тексеру комиссиясы құрылып, біршама дәрігер осы тексеру біткенше бар жұмысын қоя тұруға мәжбүр болды. Диагноз қойып, ем-шара жасаудың орнына қағаз толтырумен, отаға қатысудың орнына түсініктеме жазумен күндері өтті.

 

Ақырында ауыр халде түскен балаға екі мәрте ота жасалғаны, ол сәтті болғаны, ал өліміне бұрыннан бар басқа созылмалы аурулары себепші болғаны анықталды. Өзі ДЦП әрі ауыр халде жатқандықтан о бастан шешесіне қасында болуына рұқсат еткен екен. Анасы ешқайда ештеңе жазбағанын, жұмыстарын көзімен көрген дәрігерлерге қылдай да өкпе-реніші жоғын жазып қол қойып берді. Осымен іс доғарылды. Бірақ сол аралықта қанша науқас дәрігерлерді күтіп отырды десеңізші? Кезекте ұзақ отырған әрі өзі ауырып жүрген адамның жүйкесі жұқа келетіні белгілі. Екі ортада олар ренжиді. Отаға қатысуға тиіс дәрігер комиссияның тексеруінен шыға алмағандықтан, науқастың операциясы шегеріледі. Ал ауруханада сағат түгілі минут қымбат жағдайлар күнде кездеседі.

 

Бір ғана айтқыш әлде айтақшының жазбасы қанша адамға кесірін тигізеді? Араша сұраған жазбаларды оқығанда осы жағын да ескерсек екен.

 

 

 

Данеш Байболатов

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 4064    Пікірлер: 0

жұма, 09.04.2021, 12:54

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Сәуір, 17:01
    ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫ – ХАОС
    23 Ақпан, 09:09
    Біз кімбіз, сонда?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31