Тіл - тас жарады...

Айтпады демеңіздер, мына вирус бәрімізді мамалатады

  • Айтпады демеңіздер, мына вирус бәрімізді мамалатады

    Айтпады демеңіздер, мына вирус бәрімізді мамалатады

Соңғы күндері байқағаным;
Жұрт маскаларын лақтырып тастап көшеде, аулаларда қаптап жүр.
Ауызашарларға да барып жүргендер баршылық екен.
Жұрт карантин бітті деп құдды вирусты жеңгендей мәз - мәйрам...

Кеше маған біреулер "тастасайшы маскаңды, короновирус дегенге әлі сеніп жүрмісің, ақымақ болмасаңшы" деді.
Оған басымды шайқап үн қатпадым, ол мені, мен оны аядым.

Ал статистика елімізде қазір 5 мыңнан аса жұқтырғандар бар дейді.
/Бұл жерде Қазақстан халқына жаппай тестілеу жасамаған ел екенін ескеру керек./

Ал бұ кезде терістік жанып жатыр. Соңғы бір аптада теріскей көрші Ресейде статистика күніне он мың адам жұқтырғандар тіркеп отыр.

Covid 19 ТМД ға енді келді. Ресей қазір Италияға айналды. Енді өлім саны да өседі.
Короновирус әлбетте жұқтырғандардан өзіне бұйырған 7 - 8 пайызын алып кетеді.
Яғни, егер елде 1 миллион жұқтырған болса, оның 70 мыңы вирусты көтере алмайды.
Ол жаһандық ортақ статистика.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Песков маусым айының ортасында вирустан құтылып ес жия бастаймыз дейді.

"Атаңның басы" дедім іштей оған.

Біздің думан ерте басталып кеткен сияқты.
Айтпады демеңіздер, мына вирус бәрімізді мамалатады.
Мен бізде итальяндық белгілер көріп жүрмін.
Сақтаныңыздар.

Олжас Әбіл
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2552    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.05.2020, 10:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31