Бақытты ұлттық құндылықтармен өлшейтін болсақ, біз нағыз бақытсыз елміз

18 шілде 2022, 00:11

Бақыт дегенді ұлттық құндылықтар шамасымен өлшейтін болсақ, біз нағыз бақытсыз елміз. Алайда, халықтың санасын тұрмыс билеп тұрған соң, “қарын тоқ, қайғы жоқтықтан” бақытсыз екенімізді сезінбейміз.

 

Ұлттық мүдде, идеология жоқ жерде біртұтас мемлекет болмайды. Біз сондай бір елміз. Өйткені, тілмен бірге халықтың рухани бітімі де әу баста-ақ ажырап кетті. Сол себепті, қазақ халқының ұлттық мәдениетін, салт-санасын қадірлемек түгілі, оған тіл тигізетін ұрпақ есейді. Оны енді ауыздықтай алмаспыз.

 

Тілі, ділі, салт санасы ортақ елдер әлем көшінің алдында. Оларды алға жетелеген экономикасы емес, дәл сол ұлттық құндылықтар. Оны біздің ұрпақ түсінбес... Ұрпақ деген бала-шаға емес. Тәуелсіздік тәрбиелеген жаңа Қазақстанның жаңа шенеуніктері.

 

Сол үшін де біз сияқты ел дамымайды. Тілінен, дінінен, тұрмысынан бөлініп-жарылған халықты басқару да қиын. Себебі, тәуелсіздік алған уақытта барымызды бағалап, жоғымызды түгендеп, білім-ғылымға көңіл бөлудің орнына қара бастың қамын күйттедік, дүние қудық. Заңымыздың да, басқамыздың да мың құбылатынымыз сондықтан. Қысқасы, “әр басқан жерің бөлініп-жарылып жатыр”.

 

Сол үшін де Нұртастар мен Баяндар әлі де тартысады. Таласады. “Концерт әлі алда…”

 

 

Ертай Нүсіпжанов

Фейсбуктегі парақшасынан